Home Редакция таңдауы Алматы облысының әкімі дарынды түлектермен кездесті

Алматы облысының әкімі дарынды түлектермен кездесті

0

Алматы обылысы әкіміКеше яғний, 16 маусым күні Алматы облыстық әкімдігінің отырыс залында халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары, халықаралық байқаулар жүлдегерлері, «Алтын белгі» иегерлері, ҰБТ кезінде ең жоғары балл жинаған түлектер жиналды.
Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов мәжілісті бастамас бұрын олардың барлығына бағалы сыйлық — планшеттер табыс етті.

«Осы залға өз мектептерінің атын шарықтатқан, терең білім көрсеткен, жеңіске деген ұмтылыс танытқан дарынды жастар жиналып отыр. Олардың ерік-жігері мен табандылықтарына құрметпен қараймыз. Бірінші кезекте ұстаздарға алғыс білдіремін, олар өз тәрбиеленушілерін терең біліммен сусындатып, арман-мақсаттарына жетуде өздеріне деген сенімділікті қалыптасыруға үлес қосты. Ата-аналарына да осындай тамаша балаларды тәрбиелегені үшін алғысымыз шексіз. Біз сендерді мақтан тұтамыз, келешектеріңе үлкен үміт артамыз, сендер сияқты мақсатшыл, тұрақты дамуға бағытталған жаңашылдықтарды танып-білуге әзір жастар ғана өздерінің зияткерлік әлеуетін аша алады», — деп түйіндеді өңір басшысы.

Аңсар Мұсахановтың айтуынша, өзінің даңғыл жолын таба білген адам ғана өмірлік дұрыс бағытты ұстанып, қоғамға көбірек пайда тигізеді. Бұл құрғақ сөз күйінде қалмай, әрқайсысымыздың өмірлік ұстанымымызға айналса, құба-құп болар еді.

«Құрметті достар! Жеткен жетістікте тоқтап қалмай, әрі қарай жаңа шығармашылықпен тың дүниелерге ұмтылыңдар. Бойларыңдағы білім, қуат, батыл қадамдарың еліміз үшін аса қажет. Тағы да алған асуларың құтты болсын дегім келеді. Елдегі, шетелдегі үздік жоғары оқу орнындарында білім алуларыңа тілектеспін. Ақ жол тілеймін!», — деді облыс әкімі.

Дарынды балалар атынан халықаралық олимпиаданың жеңімпазы, түрік-қазақ лицейінің түлегі Асқар Жандос сөз сөйледі. Ол алдымен жастарға білім алу үшін ерекше жағдай жасап отырған ел Президенті Н.Назарбаевқа, облыс әкімі Аңсар Мұсахановқа алғысын білдірді. Соның арқасында халықаралық қана емес, әлемдік олимпиадаларға қатысып жүргенін мақтанышпен айтып өтті.

Айта кетейік, Алматы облысының оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиадалардан 130 медаль алса, «Алтын белгіні» 155 түлек қорғап шықты.

http://www.inform.kz/

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version