23.05.2024

Асхат Аймағамбетов білім басқармаларының шындықтан алшақ есебі туралы айтты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп кітапханаларының қоры толықтырылып отыратыны туралы білім басқармаларының шындыққа сәйкес келмейтін есебіне кейістік танытты.

А.Аймағамбетов Абай облысына сапары барысында Приречное ауылындағы мектепте болды. Онда кітапханашы көркем әдебиеттер жеткіліксіз мөлшерде сатып алынатынын жеткізген.

«Мектеп кітапханасының жұмысы лайықты деңгейде емес. Кітапханашы көркем әдебиеттер жеткіліксіз мөлшерде сатып алынатынын айтты.

Алайда бұған дейін білім басқармалары жыл сайын кітап қоры толықтырылатыны туралы есеп берген еді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы тиісті деңгейде жүзеге асырылмай жатыр.

Облыстың білім басқармасы басшылығына барлық ескертуді жою тапсырылды», – деп жазды министр Facebook-те.

Аталған білім ордасында 237 бала оқиды. Ведомство басшысы педагогтермен оқу бағдарламалары, балалармен жұмыс, бағалау және өзге де мәселелерді талқылады. Оқушылармен сөйлесіп, ҰБТ-ға дайындық, мамандық таңдау, кітап оқу, дебат қозғалысы және мектеп парламенттері тақырыптарында әңгімелесті.

«Облыстың бөлінуіне байланысты мектептердің жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықталу мәселелері шешімін табатынына сенемін. Облыс басшылығының барлық түйіткілді мәселені шешу бойынша нақты көзқарасы бар екені байқалады.

 

Сонымен бірге Абай облысындағы мектептер құрылысының дайындық жұмыстарымен таныстым. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 мыңға жуық оқушыға есептелген 11 мектеп (6 мектеп Семей қаласында және 5-еуі ауылда) салу жоспарланып отыр.

Қазір әкімдік бұл бағыттағы жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мәселелері, бастапқы рұқсаттарды бекіту және тағы басқасы», – деді А.Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА