27.07.2024

ШҚО білім басқармасының басшысы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы лауазымына Инесса Чернышева тағайындалды.

Инесса Александровна 1968 жылы туған. 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы № 38 мектеп-гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.

2016-2022 жылдары аралығында «Л. Гумилев атындағы № 38 гимназия» КММ директоры болып қызмет атқарды.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА