-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

«Алтын белгіге» үміткер олимпиада жеңімпаздары емтиханнан босатылады — Министрлік

«Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қажет болған жағдайда қорытынды емтиханнан босатылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі «Алтын белгі» беру туралы қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасады.

Биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқушылар және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер қажет болған жағдайда қорытынды емтихандардан босатылып, үздік белгісін алады.

11-сынып түлектері халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін.

«Бұған дейін «Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды аттестация кезінде жазғы оқу-жаттығу жиындарында болып, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындалып, емтихан тапсыра алмаса, автоматты түрде «Алтын белгі» белгісінен айырылатын. Енді түлектер оны ала алады. Ол үшін «үздік» деген баға болуы керек. Қазір дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл өзгеріс те балалардың мүддесі үшін қабылданды», — деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...