Home Редакция таңдауы Жамбыл облысының әкімі пәндік олимпиадаларда жеңіске қол жеткізген оқушылармен кездесті

Жамбыл облысының әкімі пәндік олимпиадаларда жеңіске қол жеткізген оқушылармен кездесті

0

20140612211647Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 2013-2014 оқу жылында оқушылар арасында өткен халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге 113 дарынды оқушы, сонымен бірге тәрбиеленушілері жүлдегер атанған мұғалімдер мен директорлар қатысты.
Аймақ басшысы оқушыларға алдағы уақытта халықаралық және республикалық олимпиадаларда тағы да жеңістер мен сәттіліктер тілеп, смартфондар мен естелік кәдесыйлар ұсынды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 2013-2014 оқу жылында облыс оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 62 медальді жеңіп алған, олардың 19-ы алтын, 20-сы күміс және 23-і қола.

Жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олипиадаларға 79 жамбылдық оқушы қатысқан. Олардың ішінде 47-сі жүлдегер атанған. Соның ішінде 13 оқушы алтын медальға, 12-сі — күміс және 22-сі — қола медальға ие болды. Олимпиада қорытындысы бойынша Жамбыл командасы екінші рет командалық есепте бірінші орын мен «Үздік олимпиада командасы» атағын иеленді. Ал облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты қатарынан алтыншы жыл «Үздік олимпиада мектебі» атағын дәлелдеп келеді.

Ғылыми жарыстарға облыстың 35 оқушысы қатысты. Олардың ішінде 20-сы алдыңғы орындардан көрінді. Олардың еншілерінде бір алтын, бес күміс және 14 қола медаль бар.

Биылғы оқу жылында Жамбыл облысының командасы «2014 жылдың республикалық ғылыми жарыстарының үздік командасы» атағына ие болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

http://inform.kz/

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version