Home Үздік Оқушы Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатында жүлдегер болды

Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатында жүлдегер болды

0

Қазақстандық жас шахматшылар Әсел Серікбай мен Меруерт Камалиденова әлем чемпионатынан олжалы оралды.

Бұл жайында Astana орталық шахмат клубының баспасөз қызметі мәлім етті.

Әсел Серікбай 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы World Junior Chess Championship 2022 Girls турнирінде күміс жүлдеге ие болған.

Ал Меруерт Камалиденова осы жарыстың қорытындысы бойынша 11 ұпайдың сегізін жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ қазақстандық Лия Құрманғалиева бәсекені 6-орынмен аяқтады.

Еске сала кетейік, Әсел Серікбай – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы, жеті мәрте Азия чемпионы болған, әйелдер арасында халықаралық спорт шебері, ҚР ұлттық әйелдер құрама командасының мүшесі.

Меруерт Камалиденова да – таяуда Президент қабылдауында болған қазақстандық шахматшы қыздар құрамасының мүшесі.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version