Home Үздік Оқушы Қарағандылық оқушы ағылшын тілін үйренуге арналған қосымша жасады

Қарағандылық оқушы ағылшын тілін үйренуге арналған қосымша жасады

0

Қарағанды облысының оқушысы ағылшын тіліндегі сөздерді есте сақтауға арналған мобильдік қосымша жасады.

Арнелла Төлеген Назарбаев Зияткерлік мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы. Ол мобильдік қосымшаны жасау үшін бір жылға жуық жұмыс істеді. Жақында ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде өз жобасын ұсынды.

«Қосымша студенттерге физика, химия, биология, информатика бойынша ағылшын тіліндегі терминдерді қайталауға көмектеседі. Енді біз оны жақсарту және App Store-да орналастыру үшін сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді Арнелла.

Айта кетсек, биылғы байқауға Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 42 жоба ұсынды.

Тоғызыншы сыныпта білім алатын тағы бір оқушы – Амели Қажыбекова физика мен биологияны интеграциялық зерттеу бойынша жоба жасады.

«Менің жобам физика мен биологияны интеграцияланған зерттеуге – есептер жинағын жасауға арналған. Ол екі жаратылыстану ғылымын біріктіру арқылы оқушылардың оқу тиімділігінің пайызын арттыруға бағытталған», – деп бөлісті оқушы.

Ғылыми жобалар байқауы екі турда өтеді: 17–22 қазан аралығында – онлайн-кезең; күзгі демалыста – нақты режимде Алматы мен Астанада.

Байқауға 16 секция бойынша еліміздің барлық өңірінен 800-ден астам оқушыдан 550-ге жуық жоба ұсынылды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version