27.07.2024

Алматыда мектеп автобустары қашанан бастап қатынайды?

Алматыда қала мектептеріне 100 автобус сатып алынады. Олар келесі жылдың қаңтар айынан бастап жүре бастайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала тұрғыны мектеп автобустары қашан жүре бастайтынын сұрады.

«Өткен мәслихаттың отырысында осы мәселені бюджетке кіргіздік. Биыл арнайы мектептер үшін 100 автобус сатып аламыз. Ол үшін жалпы 2 млрд теңге бөлдік. Автобустар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүретін болады. Қаладағы 8 аудан ішінен автобус баратын 29 мектеп таңдалды. Бостандық ауданы бойынша автобус Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында орналасқан мектептерге таңертең қатынайды»,- деді Ерболат Досаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА