Home Үздік Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

0

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

Қазақстаннан барған оқушылар 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады. Бұл робототехника чемпионаты — әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді.

«Еліміздің намысын ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы қорғады. Олардың барлығы FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің жеңімпаздары. Оқушыларымыз 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмей, ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан бөлек, қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ роботты жасаудағы тамаша инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды. Оқушыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймын!», — деп жазды министр.

Сондай-ақ министр жыл сайын IT-мектептер саны көбейе беретіндігі туралы айтты.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version