17 C
Нур-Султан
26.09.2022

Зерделі ұрпақ тәрбиелеген «Зерде» мектебі

XXI ғасыр немқұрайлылықты көтермейтін, қай қырынан алсаңыз да бәсекелестік ғасыры екенін байқау қиын емес. Өз заманында Ахмет Байтұрсынов: «Оқудың мезгілі өтіп бара жатыр, балалардың бір жыл болса да оқусыз қалулары үлкен зиян екендігі белгілі. Бұдан былай ұйқыны қою керек» деген болатын. Содан бері «ұйқылы-ояу» күй кешкен ұлттық мектептеріміздің даму үрдісі мен болашағына бүгінгі күні ерекше көңіл бөлінуде.

Өркениетке қадам басқан Тәуелсіз еліміздің ертеңі тек жаңаша ойлай алатын, уақыт өзгерісіне сай парасат-пайымы, білімі, түсінігі бар, жарқын жолға түскен жастардың еншісінде екені белгілі. Осы орайда Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі 2005 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дарынды балаларға және жастарға арналған мектептер мен мекемелердің аясын кеңейту және қолдау» туралы Жарлығын іске асыру мақсатында Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен ашылды. Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебін 2011 жылғы 11 ақпаннан бастап Байтажикова Құралай Амангелдіқызы басқарады. Мектептің негізгі бағыты – жаратылыстану-математика бағыты. Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

IMG_6957Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Яғни мұғалім – озық ой мен шынайы тәрбиенің иесі. Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 41 мұғалім қызмет атқарады, 340 оқушы білім алады. Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде педагогтардың 78% -і жоғары және І санатты. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі – 2, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері – 4, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегерлері – 1, Ғылым кандидаты – 1, Ғылым докторы-1, Ғылым магистрі- 6.

Мектеп мәртебесі жұмысқа қабілетті, шығармашыл, біліктілігі жоғары деңгейдегі өз ісінің шеберлері еңбегімен қалыптасады, көрінеді. Оған дәлел: Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Тердікбай Күшайдың математиканы тереңдетіп оқытатын мектептердегі математика пәні үшін жасаған «Оқушылардың математикалық дарындылығын жетілдіру» атты авторлық бағдарламасы мен оқу-әдістемелік құралы Республикалық «Инновациялық педагогикалық идеялар» фестивалінде жоғары бағаланып, І орынға ие болды.

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына мектеп мұғалімдері соңғы 6 жыл қатарынан нәтижелі қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп жүр. 2013-2014 оқу жылында жоғары санатты математика пәні мұғалімі Cоңғобай Типан І орын, математика пәнінің мұғалімі Мәуіт Рысбек ІІ орынды орынды қанжығаларына байлады.

ҰБТ мектептің жұмысын айқын көрсетіп, оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш болып табылады. Мектеп ашылғалы 8 жыл бойы Астана қаласы білім беру мекемелері арасында ҰБТ-ден бірінші орынды иеленіп, 2009-2010 жылы Республика бойынша «Үздік 100 мектеп» қатарына қосылды. 2006-2013 оқу жылдары аралығында мектеп түлектерінің 47-і «Алтын белгіге» аяқтаса, 46-і дүниежүзінің беделді университеттерінде Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда.

2013-2014 оқу жылында мектебіміздің «Алтын қоры» 15 алтын белгімен толықты. Мектеп бітіруші 28 түлектің 15-і «Алтын белгі» иегері атанса, 4 оқушы «үздік» диплом иегері атанды.
2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік жаңашыл мектеп» атағына ие болды.
«Шәкіртсіз – ұстаз тұл», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демей ме?! Мағжан Жұмабаевтың: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді» деген сөзі – XXI ғасыр білім беру үрдісіндегі мұғалім алдына қойылған талапқа байланысты қағида іспеттес. Мектебіміздің дарынды оқушылары әр уақытын тиімді пайдаланып, көп еңбектенуінің нәтижесі болса керек, санаулы уақыттарда көптеген жеңістерге жетіп, білімде ғана емес өнер, спорт, интелектуалды сайыстарда да биік шыңдарды бағындыруда.

2014 жылы Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІV кезеңі өтті. Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған айтулы додада зерделіктер өте жақсы нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтатын болсақ, Кабульдинова Айна 10 – сынып оқушылары арасында орыс тілі пәнінен ІІ орын иеленсе, Жахина Роза 11-сынып оқушылары арасында жүлделі IІ орынды иеленді. Химия пәнінен мектебіміздің намысын қорғаған оқушыларымыз да өте жоғары нәтижеге қол жеткізді. 9 – сынып оқушысы үшін Айманбетова Малена қола медальды қанжығасына байласа, биология пәнінен Жакупова Назия III орынды иеленді. Сонымен қатар, химия пәнінен өз білімін шыңдаған Өміртас Нұриза мен география пәні бойынша жақсы нәтиже көрсете білген Сухамбекова Жұлдыз «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының арнайы грамотасына ие болып жақсы нәтиже көрсеткен оқушылардың қатарынан көрінді.

Мектеп оқушылары 2013-2014 оқу жылында Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, Республикалық ғылыми жобалар жарысына «Зерде» мектебінің 10 – сынып оқушылары: Бекишова Ляззат «Қоршаған орта» секциясы бойынша қола медаль иеленсе, 10 – сынып оқушылары Қаратаев Мұхамеджан, Жұмабеков Бекарыс сырттай космос тақырыбындағы республикалық презентациялар байқауында күміс медаль иегері атанды. Халықаралық ғылыми жобалар конкурсында 11 – сынып оқушылары: Жарылкасын Олжас, Сейсембай Ислам күміс медаль иеленсе, 10 сынып оқушылары: Жұмабеков Бекарыс, Бекишова Ляззат, Сейітова Айжан қола медаль иегері атанса, 9 сынып оқушысы Сейдулла Сымбат алтын медаль иеленді. Халықаралық «Шексіз математика» сайысында Нарбаев Бақдәурен, Рысқұлова Айбану, Абдыгалиев Жандос, Шуншалин Мейрам, Асқарұлы Тарлан, Алибеков Алишер ІІІ орын иегерлері атанды. Республикалық VI Президенттік олимпиадасында 11 сынып оқушысы Дәруіш Нұржанат қола медаль иегері атанса, Бияров Мағжан Құрмет грамотасымен марапатталды. Аймақтық математикалық турнирде 7 сынып оқушылары: Нарбаев Бақдәурен, Мейрам Серікболсын, Шуншалин Мейрам, Бекубаев Арсен, 8 сынып оқушысы Тілеген Құралай ІІ орынды қанжығаларына байлады. Халықаралық «Garolina Biological» командалық сайысында 10-сынып Қаратаев Мұхамеджан, Анарбек Адлет, Сардарбек Ескендір ІІ орын алды.

Оқу мен тәрбие егіз ұғым. Ол жайлы: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,-дейді ұлы ғұлама Әл-Фараби. Біздің мектеп оқушылары тәрбие жұмысында жүргізілетін іс- шараларға да ат салысып, жеңіс тұғырынан көрінуде.

Астана қаласы білім басқармасы және М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өтетін Ұлттық Дельфийлік ойын бағдарламасы аясындағы дәстүрлі қалалық «Шаттық» байқауына мектеп оқушылары жыл сайын ұйымшылдықпен белсене қатысып, өнерлерін ортаға салып келеді. Қалалық «Шаттық» байқауына қатысқан соңғы 6 жылда мектебіміздің өнерлі оқушылары «Вокал», «Мәнерлеп оқу», «Халық аспаптар оркестрі», «Халық әні», «Эстрадалық ән орындау», «Хор» жанрлары бойынша 10 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Қалалық «Ғасырдан ғасырға» зияткерлік сайысыннда 9 сынып оқушылары: Нуридин Марал, Аймағамбетова Гүлнұр, Тынысбекова Сайда ІІІ орын иегері атанды. Қалалық В.А. Лиді еске алуға арналған турнирде мектебіміздің оқушылары Аманжол Нұртілеу, Көшек Әбубәкір, Үбінғажыбов Айдын, Нарбаев Бақдәурен І орын иеленді. «Гумилев оқулары» байқауында 10 сынып оқушысы Орынбасар Дайана І орын иеленді. Ө. Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадада
8- сынып оқушысы Тілеген Құралай І орын иеленсе, Айболат Ақбота, Нарбаев Бақдәурен, Мейрам Серікболсын жүлделі ІІІ орын иеленді.

«Жас химик» олимпиадасында 9-сынып оқушылары Талипова Жанель, Айтымова Мадина, 7- сынып оқушысы Сапар Нұрсұлтан ІІ орын иеленді. Қалалық «Жас математиктер» олимпиадасында мектебіздің 9 оқушысы І орын иеленсе, 6 оқушы ІІ орын, 7 оқушы ІІІ орын иегері атанып, мектебіміздің мерейін үстем етті. Қалалық «Мағжан оқулары» конкурсында 5 сынып оқушысы Ошақбаева Аружан ІІ орын еленді.

2014 жылдың 3-4 мамыры аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Талантты ұстаз – дарынды оқушыға» атты педагогикалық олимпиаданың Республикалық кезеңінде 10-сынып оқушылары І орын иегерлері атанды.
Бұл жетістіктерге жоғары нәтижеге бағытталған білікті педагогикалық ұжымның сапалық еңбек ету нәтижесінде қол жеткізіліп отыр.

Сапиева Мереке Омарбекқызы. Астана қаласы дарынды балаларға арналған

№9 «Зерде» мектебінің баспасөз хатшысы

KAZBILIM.KZ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...

Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың жоғары білім алуына көмектесеміз – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2006 жылы Шымкентте абайсызда Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларды кездесуге шақырды. «2006 жылы Шымкентте 80-ге...

«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзарды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады....