20.05.2024

«Терезесі жоқ тар бөлмелер»: СҚО-да оқушылар үш жылдан бері әкімдік кеңсесінде оқиды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласының оқушылары үш жылдан бері мектепте емес, білім бөлімінің ғимаратында оқуға мәжбүр. Үш жыл бұрын қаладағы №1 мектептің төбесі опырылып түскенде оқушылар уақытша жергілікті әкімдік кеңсесіне көшірілген. Бұл туралы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы хабарлады.

Қазір балалар оқып жатқан нысан 70 жыл бұрын салынған. Екі қабатты ескі ғимаратта 450 бала үш ауысымда білім алады. Ұстаздар кабинеті мен сынып бөлмелерінің аумағы 10 шаршы метрге де жетпейді. Оның үстіне, терезесі ашылмайтын бөлмелерде оқушылардың тынысы тарылып, ауа жетпей қалатыны тағы бар. Ұстаздардың айтуынша, соның кесірінен балалар тез шаршап, сабақты дұрыс меңгере алмайды.

«Зертханалық жұмыстарды жүргізетін арнайы жабдықтар атымен жоқ. Тәжірибенің орнына тек теорияны ғана оқытады. Сондықтан толыққанды білім ала алмаймыз», – дейді Тайынша қаласы №1 орта мектебінің оқушысы Ксения Алексеенко.

Ал мектеп кітапханасы оқулықтарды сақтайтын қоймаға көбірек ұқсайды.

«Кітап қоймақ түгілі, өзіміз жүріп-тұратын орын жоқ. Балалар кітапханаға келіп кітап ала алады. Бірақ оқып отыратын орын жоқ», – дейді Тайынша қаласы №1 орта мектебінің кітапханашысы Людмила Рыбак.

Мектепте кейбір пәндерге арналған кабинет жоқ. Мәселен, балалар еңбек сабағын көршілес орналасқан спорт мектебінің ғимаратына барып оқиды. Мектеп әкімшілігі басқа жерлерден бірнеше бөлме жалдауға мәжбүр болғанын айтады.

«Бұл ғимарат та әбден ескірген. 110 орындық жерге үш есе көп адам сыйғызып отырмыз. Қиын болса да оқу процесін дұрыс ұйымдастыруға тырысамыз», – дейді Тайынша қаласы №1 орта мектебінің директоры Ольга Иванова.

Ал жаңа мектептің құрылысы тек биыл жазда басталған. Жергілікті билік өкілдері құрылыстың кеш басталуына, жобалық-сметалық құжаттардың дер кезінде дайын болмауы себеп деп отыр.

«Ата-аналар жаңа мектеп бұрынғы ғимараттың орнында болсын деп қалады. Сосын апаттық мектепті бұзып, сүріп тастадық. Осының бәрі құрылыстың кешігуіне әсер етті», – дейді Тайынша ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлнәр Игібаева.

Жаңа мектеп ғимаратын мердігерлер 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тапсыруы тиіс. Ал Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп апаттық деп танылған

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА