27.07.2024

Астанада 9 әдістемелік кешен, 26 оқу-әдестемелік құралдың тұсаукесер рәсімі өтті

Астана қаласында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясының мәжіліс залында 9 әдістемелік кешен, 26 оқу-әдістемелік құралдық тұсаукесер рәсімі өтті.  Тұсаукесер рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім саласының өкілдері қатысты.

Кітап лентасын Қазақстан Республикасы мәжіліс депутаты – Жұлдыз Досбергенқызы, Астана қаласы білім басқармасының басшысы – Қасымхан Сенғазыұлы, Республикалық білім мазмұнын сараптау ғылыми-әдістемелік орталығы бас сарапшысы – Қайрат Амангелдіұлы қиды.

Оқулықтардың жарыққа шығуына атсалысқан ұстаздарға Білім басқарамасының басшысы – Қасымхан Сенғазыұлы арнайы Алғыс хат табыстап, ұстаздарға ерекше ілтипат білдірді.

Ашылуында сөз алған журналист, ата-ана Амангелді Құрметұлы : «9 әдістемелік кешен мен 26 оқу-әдістемелік құралды жазып шыққан мамандарға ерекше алғыс айтамын. Сіздер қазақ білім саласының даму жолында өз уақытыңыз бен көз майын құрбан етіп жүрген жансыздар. Көбісі «құрбандық» дегенде екінші мағынасын түсініп жатады. Бірақ баланың білім алуы жолында өзінің алтын уақытн пида ету нағыз құрбандық. Осы еңбектің шығуына демеушілік еткен  – «QAZBILIM» баспасының да еңбегі өте зор.» -дейді ата-ана.

Сондай-ақ шара аясында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясының «Мағжан дәірсханасының» ресми ашылу салтанаты өтті. Жаңа дәрісхананың лентасын Қазақстан Республикасы мәжіліс депутаты –  Тәжмағанбетова Мақпал Мазаққызы қиды.

Шара барысында сөз алған журналист Алма Сайлауқызы: «Ұлттық мектептік нағыз үлгісі – 90-ші ұлттық гимназия, ал ұлттың нағыз жанашыры ретінде – Аятжан Ахметжанұлын айта аламын. Ұстаздарына барынша жағдай жасап, олардың еңбегінің жарыққа шығуына тікелей мұрындық болып отырған «QAZBILIM» баспасына және осы іс-шараны ұйымдастырған барша қызметкерлерге алғыс білдіремін. Мен ата-ана, әрі ұстаз әрі журналист ретінде үш жақтан осы еңбеіктің шығуна, өз уақыты мен білімін сарп еткен ұстаздар алдында басымды иемін»-дейді журналист.

Кітаптардың жарыққа шығуына демеушілік еткен «QAZBILIM GROUP» Бас директоры Гүлбану Қанайқызы сөз алып, ұстаздарға алғыс білдірді. Сондай-ақ ұстаздарымызға  «QAZBILIM GROUP» атынан арнайы дайындалған тәтті тортты кесу рәсімі өткізілді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА