Home Жаңалық Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

0

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.

«Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Оның бірі – «Зерделі» шағынауданында 380 орынға есептелген жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж. Қазіргі таңда оны салуға мердігер ұйымды анықтау үшін конкурс өткізіліп жатыр. Екіншісі – 380 орынға арналған жатақханасы бар 720 орындық инновациялық технологиялар колледжі. Ол келесі жылдың 1-ші тоқсанында Индустриялық аймақта салына бастайды», – деді Ерболат Досаев.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version