Home Жаңалық «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жалғасып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жалғасып жатыр

0

Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау жалғасып жатыр. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы хабарла

Биыл магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия, тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді.

23 мамырда «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура, докторанутра және резидентураға түсу үшін, 5 қыркүйекте жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталған болатын.

Конкурстық іріктеу толығымен онлайн режимде өтеді. Үміткерлерге онлайн платформада жеке кабинет ұсынылады. Онда барлық хабарландыруларды бақылауға, жоспарланған іріктеу турларынан өтуге және нәтижені білуге болады.

Конкурстық іріктеуге кез келген азамат қатыса алады, жас шектеулері жоқ. Өтінім тапсырған кезде оқу, тағылымдамадан өту және кейінгі еңбекпен өтеу мерзімі зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.

Айта кетейік, өтінімдер 14 қазанға дейін eGov.kz. мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version