17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың жоғары білім алуына көмектесеміз – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2006 жылы Шымкентте абайсызда Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларды кездесуге шақырды.

«2006 жылы Шымкентте 80-ге жуық баланың АИТВ жұқтыру дауы есіңізде болар. Өкінішке орай, кейбірі сол жылы қайтыс болды. Биыл сол балалардың дені мектеп бітірді. Бұл жастарды ЖОО-да тегін оқыту, грант беру қарастырылған ба? Кейбір балалар ҰБТ тапсырып, грантқа түсе алмаған екен. Ал Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бір баланың Қарағанды медициналық академиясында тегін оқуын қамтамасыз етіпті. Қалған балаларға министрлік тарапынан қолдау, көмек бола ма?», — деген сұрақ қойылды министрге Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Біріншіден, біз гранттарды тек қана заңды түрде ҰБТ нәтижесі арқылы тағайындай аламыз. Дегенмен, әкімдік гранттары деген бар. Яғни әр өңірдің басшылары өздерінде тапшы мамандықтарға кадр даярлауға тапсырыс бере алады. Екіншіден, ректорлардың жеңілдіктері бар. Мысалы, дарынды немесе қиын жағдайдағы балаларға ректорлар университеттері есебінен жәрдем көрсете алады. Сондықтан біз министрлік ретінде осы балалармен, ата-аналарымен кездесуге дайынбыз. Есігіміз ашық. Біздің хатшылыққа хабарлассын, оларды тыңдап, қолымыздан келгенше осындай ректорлық жеңілдіктер арқылы, әкімдердің өңірлік гранттары арқылы көмектесуге дайынбыз», — деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі өз балаларының қайда білім алып жатқаны туралы журналистер сұрағына жауап берген еді.

Сонымен бірге, 2500 қазақстандық студент Ресей мен Украинадан отандық ЖОО-ларға ауысқан.

Одан бөлек, Саясат Нұрбек студенттерге жатақхана тапшылығы қалай шешілетінін түсіндірген еді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...