16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Әскери борышын өтеген 3 мыңға жуық адам жоғары оқу орындарына грантпен түсе алады

Қорғаныс министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп әскери қызметтің беделін арттыруды көздеп отыр.

2023 жылдан бастап әскери борышын өтеген қазақстандықтар жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін есепке алмай-ақ түсе алады. Сондай-ақ, ақылы түрде білім алуға өтініш беруге болады. Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаеваның айтуынша, қорғаныс ведомствосында қазірдің өзінде ережелер қарастырылып жатыр.

«Жобаны іске асыру келесі жылы басталады. Алайда, қазіргі уақытта әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға да білім бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Бізді ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары оқу орындарының ректорлары қолдап отыр», — деп атап өтті ол.

Кешегі сарбаздар оқуға күнтізбелік кезеңде, мысалы, күзде запасқа ауыстырылғаннан кейін және қызмет аяқталған соң екі жыл ішінде түсе алады. Әскери қызмет өткеру кезеңінде тәртібі жақсы, жауынгерлік дайындықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік әскери қызметшілерге ЖОО гранты есебінен тегін жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі.

«Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жоғары оқу орындарының ректорларына ең лайықты әскери қызметшілер оқу орнының грантына сене алады деген ұсыныспен жүгінді. Бұл бастаманы біз ұсыныс айтқан барлық университеттер қолдады», — деп толықтырды Қорғаныс министрінің кеңесшісі.

Барлық өңірлердегі 40-қа жуық жоғары оқу орны, соның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Astana IT University бар.

Қорғаныс министрлігі университеттер жылына кемінде 3000 грант бөледі деп шамалап отыр. Осылайша, әскерге шақырылған әрбір оныншы сарбаз оқуға тегін түсуге мүмкіндік алады. Бұл тек Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінде ғана емес, басқа да әскери құрылымда – Шекара қызметі, Ұлттық ұланда қызмет еткен жауынгерлер де болмақ.

Қорғаныс министрлігі қазірдің өзінде жауынгерлердің дайындық барысында жинаған ұпайларын қорытындылап, рейтингін анықтайтын әдістерді әзірлеп жатыр.

«Бұл – алынған бағалардың жинақтаушы жүйесінің бір түрі. Жауынгерлер әскери тәртіпті сақтағаны, әскери құраманың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін қосымша ұпай алады», — деп бөлісті А.Төлембаева.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...