Home Жаңалық Оқу-ағарту министрлігі жанынан аутизм мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылады

Оқу-ағарту министрлігі жанынан аутизм мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылады

0

Қазақстанда аутизмі бар балалармен жұмыс істеу үшін арнайы даму бағдарламасы әзірленіп, өңірлерге жіберілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде өткен аппарт жиналысында Инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Мерекеқызы мәлім етті.

«Аутизмі бар балалармен жұмыс істеу үшін арнайы даму бағдарламасы әзірленіп, өңірлерге жіберілді. Министрлік жанынан аутизм мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру үшін ереже әзірленді, құрамы айқындалды. Құжат мақұлдау мақсатында министрлікке жолданды. Арнайы психологиялық-педагогикалық түзеу қызметтеріне жеке секторды тарту үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының жобасы дайындалды. Аталған бұйрық жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, бекітіледі», – деді Инклюзивті білім беруді дамыту ғылыми-практикалық орталығының басшысы.

Әйгерім Мерекеқызының пайымынша, мемлекеттік тапсырыс арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейтеді. Бұған қоса, мұқтаж жандарды осы қызметтермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде арнайы ұйымдарда 24 мыңға жуық бала кезекте тұр. Оның айтуынша, психологиялық-педагогикалық коррекциялық қолдау желісіне Түркістан облысында сұраныс жоғары. Ал түзету кабинеттері бойынша қажеттілік Қарағанды облысында туындап отыр.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version