27.07.2024

Келесі жылы бұрын болмаған көлемде мектептерді салу басталады – Шолпан Каринова

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 800 мыңнан астам оқушыға арналған мектеп салынады. Сондай-ақ, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы шешіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова мәлім етті.

«Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру туралы тапсырма берді. Аталған ұлттық жоба шеңберінде 800 мыңнан астам оқушыға арналған мектеп салынады. Сондай-ақ, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы шешіледі. «Жайлы мектеп» жобасы аясында бірыңғай құрылыс және жабдықтау стандарты қолданылады. Яғни жоба шеңберінде ашылатын мектептер заманауи пәндік кабинеттермен толық қамтамасыз етілмек. Жаңа мектептерде оқу алаңдары ұлғаяды», – деді Шолпан Каринова министрлікте өткен аппарат жиналысында.

Сонымен қатар ұлттық жоба аясында ашылатын мектептер оқу зертханалары, робототехника кабинеттері, спорт залдары, әмбебап шеберхана және студиялармен қамтылады.

«Бастауыш сыныптарға, жоғары сынып оқушылырына да жеке блоктар қарастырылады. Сәйкесінше оларды бөлек спортзалдармен, бөлек асханаларымен қамтамасыз етіледі. Келесі жылы бұрын болмаған көлемде мектептерді салу басталады. Айтар болсақ, тек елорда бойынша алдағы жылы, ұлттық жоба шеңберінде әрқайсысы 2 мыңға орынға арналған 20 жаңа мектептің құрылысын бастауды қала әкімдігімен бірге жоспарлап отырмыз», – дейді ол.

Одан бөлек, министрдің орынбасары Президенттің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыда тұратын балалар мектеп формасымен тегін қамтылатын және балаларға арналған білім беру шотының енгізілетіні туралы айтып берді.

Бұған дейін Шолпан Каринова балабақша тәрбиешілері жалақысының басқа педагогтердікінен әлдеқайда төмен екенін айтқан еді.

Министр Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көтерілген білім мәселелері бойынша жұмыс тобының құрылғанын жеткізді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА