26.05.2024

2025 жылға дейін 800 мың оқушыға арнап жаңа мектептер салынады

Президент Жолдауын іске асыру аясында ауыл шаруашылығындағы субсидияларды ұзақ мерзімге рәсімдеу көзделіп отыр. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

«Апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешу мақсатында «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасының шеңберінде 2025 жылға дейін 800 мың оқушы орнына арналған мектептер салынады», – деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуына қарағанда, Жолдаудың «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар» атты үшінші бағыты бойынша 37 іс-шара көзделген.

«Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға жаңа ұзақмерзімді тәсілдер әзірленеді. Су саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін сарапшылардың қатысуымен Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысы жанданады. Сондай-ақ су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспары дайындалады»,- деді ол Үкімет отырысында.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА