Home Редакция таңдауы Астана қаласы бойынша ҰБТ нәтижесі

Астана қаласы бойынша ҰБТ нәтижесі

0

Астанада Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы шығарылды, деп хабарлады «Бәйтерек» халықаралық баспасөз орталығынан.
Ағымдағы жылы ҰБТ елордада 2,4 және 6 маусым күндері үш пунктте, атап айтқанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (3 лек), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (2 лек), Қазақ гуманитарлық заң университетінде (2 лек) өткен болатын.

Астана қалалық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, 4042 түлектің 3252-сі ҰБТ-ға қатысты. Бұл жалпы түлектердің 80,5 пайызын құрайды.

790 түлек мемлекеттік емтихан түріндегі қорытынды аттестациядан өтті. Оның 362-сі – халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары, 17 түлек – денсаулығына байланысты қорытынды аттестациядан босатылған, сонымен қатар олардың қатарында таяу және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарына түсетін түлектер де бар.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Алтын белгі» белгісіне лайық екендігін 90 оқушы дәлелдесе, 9 оқушыға небәрі 1 балл жетпей қалған. Ал 23 оқушы үздік аттестатқа лайық екендігін дәлелдей алды.

Қала бойынша орташа балл – 87,58 (2013 жылы – 81,3 балл). 100-ден 124 баллға дейін 1081 оқушы жинады (33, 2 %), 2013 жылы мұндай көрсеткішке 629 (20,5%) түлек қол жеткізген еді.

Республикалық апелляциялық комиссия өз жұмысын жалғастыруда, соңғы нәтиже 15 маусымда шығарылады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version