17 C
Нур-Султан
26.09.2022

ҰБТ-да жоғары балл алудың сыры

Кешегі күні көптің ішінен суырылып шығып, республика бойынша жалғыз ғана мектеп бітіруші 125 балға қол жеткізді. Бір сұраққа кідірмей, ең жоғары балл жинаған алматылық бойжеткен Абдижапар Айғаным Бахытқызынің сынақтағы сырын 31 арна тілшілері біліп қайтқан еді.

Кеше өткен ұлттық бірыңғай тестілеуден оның шәкірті сүрінбей өтіп, республика бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие болған. Таңнан бері құттықтаулардан телефоны тыным таппаған ұстаздың алтын белгіге үміткер 9 оқушысының барлығы өз білімін сынақ сағатында ақтап шыққан. Қалғын шәкірттері де 100 балдан кем жинамаған. “Айғаным осы партада отырған, өте үлгілі оқушы. Оқу озаты, алтын белгіге үміткер”, – дейді төбесі көкке бір елі жетпей тұрған 11 сынып жетекшісі Сандуғаш Сәрсенбиева.

“Қандай жаңа сұрақ болса бүкіл сайттардан қарайтын, оқулықтар арқылы тесттер құрастырып әкелетін, тек қана ол дайын кітаппен жаттаған жоқ, барлық оқулықтарды, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бір сұрақтың жан-жақты жауаптарымен дайындалды”, – дейді ұстаз.

Айғанымға қуанышты хабарды анасы алғышқы болып жеткізген. 6 мен 11 аралығындағы бүкіл оқулықтарды бастан-аяқ қайталап, қажеттісін жаттап, миын әбден жаттықтырған бойжеткеннің өз-өзіне сенімі нық болған.

“Оқу ордасында балаларды тестілеуге дайындайтын арнайы орталық та бар екен. Онда оқушылардың білім деңгейі тұрақты тексеріліп, сараланып отырады екен. Алайда негізгі салмақ бұл мектепте физика және математика пәндерін тереңдетіп оқытуға түседі екен”, – деп бөліседі Айғаным.

№178 лицей директоры Әбдіжәмит Өтеш: “Негізі математика-физиканы жақсы оқыса, ол барлық пәндерді де жақсы оқиды. Сондықтан менің негізгі ойым, барлық мектепті физика-математика мектебі етіп жіберу керек”, – дейді ол.

Жалпы тестілеудің алғашқы күні 6 мыңнан астам адам минималды көрсеткішке қол жеткізе алмай, сынақтан сүрінген. 100-ден жоғары нәтиже көрсеткендердің саны 3800 шамасында болған. Ал 125 балды толық жиып, “алтын белгісін” абыроймен ақтап шыққан Айғаным болашақта экономист мамандығына құжат тапсырмақ.

31 арна

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...

Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың жоғары білім алуына көмектесеміз – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2006 жылы Шымкентте абайсызда Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларды кездесуге шақырды. «2006 жылы Шымкентте 80-ге...

«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзарды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады....