18 C
Нур-Султан
13.08.2022

Бірінші сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсті

Үш айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсіп үлгерді. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Ал құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Оқу-ағарту министрлігі қызметті автоматтандырды және құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады. Сондай-ақ ата-аналар құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыра алады.

«Ата-аналарға құжаттарды тезірек тапсыруға кеңес береміз, өйткені қабылдау 1 тамызда аяқталады. Ал 1 тамыздан бастап мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталғанына үш ай өтті және осы уақыт ішінде 320 мыңға жуық өтініш түсті. Оның 82%-ы электронды форматта қабылданды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің үлесі бүгінде 70%-ға жуықтады. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда (92,4%), Түркістан (89%) және Маңғыстау (87,1%) облыстарында тіркелді», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Атырау облысында мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Атырау облысында жаңа оқу жылында үш мектеп ашылады. Биыл тағы бес мектептің құрылысы басталады. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу...

Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп...

Баласын мектепке киіндіруге қаржылай көмек алған ата-аналар чек көрсетіп, есеп беруге тиіс

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры қаржысын мақсатсыз жұмсаған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев...

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның атап...