Бір күн облыстың білім саласын басқарған жігіт…

Республикалық «QAZBILIM» орталығы Түркістан бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарып көрді.

Бұл іс-шара «23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күніне» Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Таңғы сағат 09.00-ден бастап жұмысына кіріскен Бауыржан Ниязбеков басқарманың бөлім басшыларымен өткізілетін жоспарлы аппарат жиналысына қатысты. Онда жазғы мектептің қорытындысы тыңдалып, 1-сыныпқа қабылдау ісі пысықталды. Бұдан бөлек, колледждерге қабылдау жұмыстарының дайындығы сөз болды. Осылайша күн тәртібінде тұрған мәселелер туралы айтылып, жұмыс барысымен танысты. Бауыржан Ниязбековты облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары жылы шыраймен қарсы алып, жұмысына сәттілік тіледі.

«Жалпы бұл бір күндік іс-шара. Әлеуметтік желі белсендісі басқарма басшысы Дінислам Болатханұлының қасында жүріп, жұмыс процесін бақылайды. Өз пікірін, ойын айтып, ұсыныстарын жеткізеді» — дейді Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.

 

 

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version