17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинау мәселесі қозғалды

Оқу-ағарту министрлігінің Youtube-тағы «Желіге шолу» айдарында министрлік өкілдері көптің сұрақтарына жауап береді. Айдардың осы жолғы санында мектепті жөндеуге ақша жинау мәселесі қозғалды.

Осы жолы бір оқырман: «Мектебіміз ремонтқа ақша жинап жатыр. Қаншалықты дұрыс?» деп сұрақ қойыпты. Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова жауап берді.

Оның айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдіктерге қарайды. Демек мектептерді жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту, сонымен қатар жөндеу жергілікті бюджет есебінен жүргізілуге тиіс.

Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта педагогтерді өзінің жұмысына тән емес басқа жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген, – деді Майра Мелдебекова.

Мектепті жөндеуге ақша жинап жатса, құзырлы органдарға немесе Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің жергілікті департаменттеріне шағымдануға болады. Құқық бұзу фактілері расталған жағдайда департамент қызметкерлері өздерінің консультативтік-кеңесші органда қарап, әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес шара қолданады.

Тіпті мектеп мұғалімдері жұмысқа қажет қағаздар үшін де өз ақшасын жұмсамауына болады.

Сонымен қатар педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз қаражатын жұмсамауы керек. Бұл да осы бұйрықта көрсетілген.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...