Home Керекті кеңес Грант конкурсы кезінде кімдерге басымдық береді?

Грант конкурсы кезінде кімдерге басымдық береді?

0
“Квота қанша ұпай қосады?” Осы сұрақ – квота туралы ең қате пікірлердің бірі.
Конкурс кезінде ең маңызды – талапкердің жинаған ұпайы.
Алдымен грант сол мамандықты таңдаған ұпайы ең жоғары түлектерге береді. Одан кейін ғана (жалпы грант аяқталған соң) түрлі квоталарды қарастырады.
Былтырдан грант конкурс кезінде берілетін квоталар саны көбейді. Оларға:
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін квота – 1 %
I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота – 1 %
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін квота – 0,5 %
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота – 4 %
Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота – 5%
Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін квота – 1%
Бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін
квота – 1%.
Биыл әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар үшін жалпы квота мөлшері 15%-ға дейін көбейеді.
Бұдан басқа
ауыл жастары үшін – 30%, биылдан бастап 35%;
“Серпін” бағдарламасына – 10% квота беріледі. Бұл квоталар жалпы грантың есебенен.
Бірақ ешқандай квота ұпай қоспайды. Ауылдық жерден шықса, 35 балл қосылмайды!
Бұдан бөлек биыл тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші ЖОО-да оқытуға Атырау облысына – 4000, Маңғыстау облысына – 6000 грант бөлінді.
Ал жекелей мамандықтарға келсек, педагогика мамандықтары (биыл 4245 грант) мен медицина мамандықтарында бөлек квота бар.
Қажетті құжаттарды конкурс кезінде қоса өткізеді.
Қанай Гүлбану Бақытханқызы
Республикалық “QAZBILIM” орталығының директоры

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version