7 C
Нур-Султан
30.06.2022

ҰБТ аралық нәтижесі: 215 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 шілдеде аяқталады. Бүгінге дейін 215 талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

ҰБТ-ның аралық нәтижесін ұсынған Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін түлектердің 75% – қазақ тілінде, 24,8% — орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде емтиханнан өтті.

Шекті балды 67% жуық талапкер ғана жинай алған. Орташа балл – 66 балды құрады.

Бүгінгі таңда смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 215 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 199 адам шығарылып, олардың да нәтижелері жойылды.

«Тестілеудің бесінші аптасы аяқталды, барлығы штатты режимде өтіп жатыр. Жалпы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың ішінде 160 мың өтініш бірінші мүмкіндікке, 130 мың өтініш екінші мүмкіндікке берілген. Қазіргі таңда 170 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін пайдалана бастады. Өткен аптамен салыстырғанда орташа балл 1 балға жоғарылады», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салайық, ҰБТ-ға кіргізу кезінде үш деңгейлі жүйе қолданылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру. Биыл тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидатымен өтеді. Егер бұған дейін тестілеу процесін әр компьютердің жоғарғы жағынан бақылап отыратын бір камера ғана болса, енді тестіленушінің жеке басын сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА НИЕТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Әзірбайжанның Білім министрі Эмин Амруллаевтің кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Эмин Амруллаев қазақстандық мектептердің жұмысы таң қалдырғанын айтып, тәжірибе...

Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді. Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды...

Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді. Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз....

Бір күн облыстың білім саласын басқарған жігіт…

Республикалық "QAZBILIM" орталығы Түркістан бөлімшесінің жетекшісі Бауыржан Ниязбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарып көрді. Бұл іс-шара «23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер...

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек...