16 C
Нур-Султан
25.09.2023

2025 жылға қарай кемінде 1 млн оқушы жаңа мектептердегі орынмен қамтылады – министр

Бала саны артып жатқандықтан, мектептер де көптеп салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар халқымен кездесуінде айтты.

«Орта білім – маңызды деңгей. Өткен жылы елімізде 277 жаңа мектеп салынды. Бала саны артып жатқандықтан, бұл аздық етті. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай кем дегенде 1 млн оқушыға орын ашылады. Сонымен қатар, біз мектептерде тілдерді біртіндеп енгізуді көздейміз. Мемлекеттік тілдегі мектептер үшін бірінші сыныпта қазақ тілі қосылады, екінші сыныпта орыс, ал үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады», — деді Асхат Аймағамбетов Торайғыров университетінде өткен кездесуде.

Министр дебаттық қозғалыс және «Оқитын мектеп» жобаларының келер ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің екінші бөлігінде министр тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар қауымы нөлінші сыныптар, отбасылық білімді заңдастыру, ерекше балаларды оқыту туралы сауалдарын қойды. Сонымен қатар, «Алтын белгі» мәртебесін растау, халықаралық олимпиадалардың пайдасы, турникеттерді алып тастау бойынша сұрады.

«Турникеттер мәселесі бойынша құзырлы органдар, мәселен төтенше жағдай мекемелері бұл құралдар эвакуация кезінде қауіпті десе айналысамыз. Әзірге мұндай ақпарат жоқ», — деді министр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...