8 C
Нур-Султан
02.04.2023

Оқушы қыздардың мектепке хиджаб киюіне рұқсат беріле ме — Білім министрлігі түсіндірді

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасына қатысты пікір білдірді.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекемелер болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмай қалуы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктен іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ» дейді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, қазір түрлі ұсыныстар түсіп жатыр, соның ішінде оларды өзіміздің отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар.

Ең бастысы, барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр.

«Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бұл — эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес, қоғамда әртүрлі пікірлер бар екені рас. Ең алдымен балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алуымыз керек» дейді мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...