-10 C
Нур-Султан
22.03.2023

Ата-ана мектеп формасын еркін таңдай алады – БҒМ

Елімізде оқушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті.

«Жаңа оқу жылына дайындық жаздыгүні басталады. Баланы мектепте дайындауда ата-ананы ойландыратын жайттың бірі — мектеп формасы. Көптеген ата-ана мектеп формасын сапалы әрі қолжетімді бағамен сатып алғысы келеді.

Бүгінгі таңда міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Ата-ана өзі қалаған мектеп формасын еркін таңдай алады. Барлық өңірдегі білім басқармалары мен бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын таңдауда бірыңғай түсті ұсынады», — деді Гүлмира Кәрімова ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында.

Оның айтуынша, мектеп формасының бала тәрбиесіне әсері бар. «Мектеп формасына эмблема басқа да мектеп белгілерін жапсыруға болады. Сапалы әрі қолжетімді мектеп формасымен қамтамасыз етудегі жаңа тәсіл оқушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де айырмашылықтарды жояды деп есептейміз», — дейді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...