Home Керекті кеңес Балалардың оқу үлгерімін талқыға салудың керегі жоқ – министр ата-аналар жиналысы туралы

Балалардың оқу үлгерімін талқыға салудың керегі жоқ – министр ата-аналар жиналысы туралы

0

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі ата-аналар жиналысын өткізу форматын өзгерту керектігін айтты.

«Мектепте ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілді. Алдыңғы жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа формасына көшу керек деген тапсырма берілді. Баяғыдағыдай ата-аналарды жинап алып, балаларының оқу үлгерімі, қылықтарын талқыға салудың керегі жоқ. Басқа ата-ананың көзінше біреудің баласын талқыға салмаңыздар», – деді Асхат Аймағамбетов аталған ведомствода өткен аппараттық жиналыста.

Министрдің айтуынша, педагог әр ата-анаға баласының тәрбиесі мен біліміне қатысты толық ақпаратты беруі тиіс.

«Әрине, біреулердің көзінше баласын талқылағаннан кейін ата-аналар мектеп жиналысына келгісі келмейді. Сондықтан жиналыс өткізудің жаңа форматына көшу керек. Мұғалім ата-анаға баласының қандай пәндерді ұнататынын немесе қандай пәндерден қосымша сабақ керектігін айтып жеткізу керек. Жалпы ата-анамен жұмыс істеу маңызды жайт, сондықтан ерекше мән беру керектігін тағы еске саламын», – дейді ол.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version