13 C
Нур-Султан
28.05.2022

«Аттестациядан өте алмаған мектептің түлектері құжат алмайды» – мәселеге түсінік берілді

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектептерге олқылықтарды жоюға бір жылға дейін уақыт берілмек. Осы мерзім ішінде тиісті талаптар орындалмаса – мектеп түлектеріне мемлекеттік білім туралы құжат берілмеуі мүмкін.

СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті кеше өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі 16 білім беру ұйымының 14-і мемлекеттік аттестациядан өте алмағанын айтқан еді. Мамандар аттестациядан өтпеуінен осы мектептердің түлектеріне мемлекеттік білім туралы құжат берілмеуі мүмкіндігін ескертті.

Департамент басшысы Айнагүл Сұрағанова осы мәселеге қатысты түсінік берді.

«Аттестациядан өте алмаған мектептерге ескерту жасап жатырмыз. Оқу жылының соңына дейін уақыттары бар. Мектеп түлектеріне аттестат маусым айының ортасында беріледі ғой. Оған дейін білім ордалары аттестациядан өтулері қажет. Өте алмағандарға қандай да бір құқықтық шара қоланылып жатқан жоқ. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені бұл бұрынғы аттестациядан ерекше. Мұнда біз мектепке бармай, мектептің өзін-өзі бағалауы материалдарын онлайн зерделейміз, эксперттік топтан комиссия құрылып, шешім шығарылады.

Ал мектеп мемлекеттік аттестациядан өте алмаған жағдайда оның директорымен келесі өту мерзімі бекітіледі. Ол екі аптадан кейін немесе жарты жылдан кейін болуы мүмкін. Осылайша екінші рет аттестацияға құжаттарын тапсырады. Егер де екінші рет өтпеген жағдайда онда бұл мектеп профилактикалық бақылауға ілігеді. Ондайда мектепке бару арқылы олардың жұмысы зерделенеді», — деді Айнагүл Сұрағанова ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Жалпы аттестаттау аяқталған күні мектепке қорытынды беріледі. Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жағдайда, 5 күннің ішінде мектеп олқылықтарды жоюға арналған жоспар жасауы тиіс. Сол жоспарда қайталама аттестаттаудың мерзімі анықталады. Ол мерзім кем дегенде 10 күн, көп дегенде бір жылға дейін болуы мүмкін.

«Мамыр, маусым айының басында тұрған мектептерді алдын ала ескерттік. Жергілікті атқарушы органдар бар, бәрі жабылып, әдістемелік кабинеттер көмек көрсетіп, мемлекеттік аттестациядан өте алмай қалу қаупі бар екенін айтып жатырмыз. Білім басқармасын да сәуір айының басында ескерттік. Олар, әрине тиісті шараларды қолданып жатыр. Арнайы жоспар құрып, мектептерге әдістемелік көмектерін беріп жатыр. Бұл мәселе «Amanat» партиясының отырысына да шығарылған. Білім басқармасының баяндамасы тыңдалды. Олар бұл мәселенің алдын алу мақсатында барынша жұмыс істеп жатыр», — дейді департамент басшысы.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп медицинасына биыл 26,1 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыруға 2022 жылға 26,1 млрд теңге қарастырылған. «2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған...

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар...

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен. «Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және...

Елордада мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен рөл атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің...

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның...