31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Биыл 225 мектеп ашылады – Білім министрлігі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтқан мектептердегі орын тапшылығы мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылы 163 301 оқушыға арналған 277 мектеп ашылды. Ал 2022 жылы кемінде 214 538 оқушыға арналған 225 мектеп ашу жоспарланып отыр.

«Жан басына қаржыландыру және мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесін дамыту арқылы қажетті құқықтық база жасалды және жеке инвесторлардың ресурстары белсенді түрде тартылуда. Үш ауысымдық мектептер мен орын жетіспеушілігі мәселесін шешіп қана қоймай, бір ауысымдық оқытуға көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, Президент 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін» деген болатын.

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...