13 C
Нур-Султан
28.05.2022

Министр Асхат Аймағамбетов жасөспірімдердің мамандық таңдауы туралы айтты

Бүгін білім сапасы бойынша елдердің рейтингісі ретінде жиі қабылданатын зерттеу туралы жазғым келеді. Әңгіме PISA зерттеуі туралы болып отыр.

Айтпақшы, PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы — ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейді.
Осындай факторлардың бірі – 15 жастағы оқушылардың мансаптық жоспарлары. Осы туралы қысқаша түсіндіре кетейін.

1. Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды.

2. Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.

3. Жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын зерттеулер де көрсетті. Менің ойымша, бұл — біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады.

4. PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр.

5. Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді. Бұл — «Стоматологтар» (4%), «Тауарлар мен киім дизайнерлері» (3%), «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері» (3%), «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар» (2%), «Психологтар» (2%), «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%), «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%), «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер» (1%).

Жақында мектеп түлектеріне жазған хатымда айтқан болашақ мамандықты таңдауға қатысты ұсыныстарымды тағы да еске салғым келеді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп медицинасына биыл 26,1 млрд теңге қарастырылған

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге және сауықтыруға 2022 жылға 26,1 млрд теңге қарастырылған. «2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған...

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар...

«Болашақ» стипендиясына бір күнде 55 өтініш түскен

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдаудың алғашқы күнінде Egov.kz порталы арқылы 55 өтінім түскен. «Кеше «Болашақ» халықаралық стипендиясымен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура және...

Елордада мұғалімдерге арналған саябақ ашылды

Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен рөл атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің...

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның...