Home Жаңалық ҰБТ маған да ұнамайды – Аймағамбетов

ҰБТ маған да ұнамайды – Аймағамбетов

0

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ға қатысты пікір білдірді. 

«ҰБТ-ны басқа экзамендермен салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, бұл – тестілеудің объективті формасы. Оқу орнына жемқорлықсыз түсуге мүмкіндік беретін бірден-бір жол деп айтуға болады.

ҰБТ маған да ұнамайды. Алайда бұл форматтың ЖОО-ға түсуге арналған ең жақсы мүмкіндік екенін де естен шығармауымыз керек. Сол себепті бұл форматты жетілдіру жолдарын ойластыруымыз маңызды», – деді министр.

Сонымен қатар Аймағамбетов тестілеудің өзгеріп жатқаны туралы да айтты. Оның айтуынша, оқушылар ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға мүмкіндік алып отыр.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version