Home Жаңалық Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады – Білім министрі

Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады – Білім министрі

0

Кеше елордада өтіп жатқан кітап көрмесіне барған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онда қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантатынын айтты.

Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Көрмеде әсіресе балалар үшін өте қызықты, заманауи сұранысқа ие кітаптар саны артып келеді. Біз балаларды кітап оқуға баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асырып жатырмыз. Бұл жоба шеңберінде мектеп кітапханаларына әдеби кітаптар сатып алынды, сондай-ақ кітапханалар жөндеуден өтіп, оның жұмыс форматы өзгертіліп жатыр. Мен әр мектепке барғанда дәл осы жобаның іске асырылуына ерекше көңіл бөлемін. Барлық мектеп пен колледжде бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек»,-деді министр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version