Home Жаңалық «Болашақпен» оқуға болатын ЖОО тізімі кеңейді

«Болашақпен» оқуға болатын ЖОО тізімі кеңейді

0

Білім және ғылым министрі оқуға жаны құмар азаматтарға жағымды жаңалықты хабарлады. Бұрын «Болашақ» бағдарламасымен оқуға 213 ЖОО ұсынылса, енді олардың саны 236-ға жетіп отыр.

Оның ішінде 23 жетекші шетелдік техникалық университет қосылды. Тізімде Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Пхохан ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және тағы басқалары да бар.

Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қайта бағдарлауды жүргізіп жатыр. Кадрлар даярлауда техникалық мамандықтарға басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар биыл гранттардың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Шетелдік университеттердің саны көбейіп қана қоймай, географиясы да кеңейді. Былтырдың өзінде таңдауға болатын мемлекеттер қатары төрт елмен толыққан еді: Аустрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка бар.

Тізімде топ-250 халықаралық академиялық QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings рейтингтеріне енетін ЖОО және БРИКС елдерінің топ-20 ұлттық рейтингтеріне кіретін университеттер бар.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version