Home Жаңалық Алматыда 36 мыңнан астам студент тегін білім алып жатыр

Алматыда 36 мыңнан астам студент тегін білім алып жатыр

0

Алматыда 2025 жылға қарай 9 сынып түлектерінің 100 %-ы колледждерде қажетті мамандықтарда тегін оқи алады. Бұл туралы брифинг барысында қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлім етті.

Спикер мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайып келе жатқанын, соның арқасында техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімді бола бастағанын атап өтті. Алматы, еліміздің басқа өңірлері сияқты, сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім берумен 100 пайыз қамтуға ұмтылады.

Қайрат Жұмановтың айтуынша, мегаполисте 83 колледж жұмыс істейді, оның 23-і мемлекеттік, 60-ы жеке меншік. Барлығы 73 719 студент оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 36,5 мың адам. Бұл – 49,5 пайыз. «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырысты екі есеге – 21 мың орынға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бірінші кезекте 9 сынып түлектерін 2025 жылға қарай 100%-ға дейін тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту жоспарлануда», – деді Қайрат Жұманов.
Осылайша, 2025 жылы қалалық колледждерде оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектері сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алады.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version