16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Техникалық және кәсіптік білім беру: Талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай алады

Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында колледжге түскісі келетін талапкерлерге бірнеше мамандықты таңдау мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлім етті.

«Президент тапсырмасына сәйкес біздің министрлік кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлауға көшті. Бұл үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады. Осылайша кәсіпорын өз базасында педагогтер мен студенттердің практикасын ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру міндетін өзіне алады. Аталған шара болашақ кадрдың жұмыс берушінің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Себебі олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Сондай-ақ, студенттен қорытынды емтихан қабылдап, практикадан өткізіп, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа алады», — деді Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, биыл колледждерге құжат қабылдау 20 маусымнан басталады.

«Осы жылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр. Әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 4 баллға дейін шекті бал және эссе жазу талабы бар», — дейді ол.

Бұған дейін департамент басшысы техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырыстың артқанын айтқан еді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...