23.05.2024

Спорт мектептері мен колледж қызметкерлерінің айлығын өсіру 2023 жылы аяқталады

Спорт мектептері мен колледж қызметкерлерінің айлығын өсіру шарасы 2023 жылы аяқталады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында айтты.

«Сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

2020 жылдан бастап мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 100%-ды құрайды.

Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық үйірмелерді жүргізгені үшін 100% көлемінде базалық қызметтік жалақы төленеді», – деді министр.

Айтуынша, бұл шара республика бойынша 26 мың дене шынықтыру мұғалімін қамтып отыр.

«2025 жылға дейін 3,5 мың негізгі елді мекеннің бәрі штаттағы спорттық нұсқаушымен қамтамасыз етіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ауылдық жердегі нұсқаушылар саны 1 232-ден 3 065 адамға өскен», – деді Дәурен Абаев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА