Home Жаңалық ​Сіз 1-сыныпқа құжаттарды тапсырдыңыз ба?

​Сіз 1-сыныпқа құжаттарды тапсырдыңыз ба?

0

Мектептерге 1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін ата-аналардан 13 мыңнан астам электрондық өтініш келіп түсті. Ал бүгінгі жұмыс күнінің басынан бері өтінімдер саны 3 мыңнан асты.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және eGOV.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған жүйенің басты артықшылығы – барлық процестердің айқындығы, максималды ашықтық және қолдануға ыңғайлы жағдай жасау. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді, бұл өзінің оң нәтижелерін беруде.

Естеріңізге сала кетейік, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Қажетті құжаттар:
– Баланың туу туралы куәлігі;
– 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– 3х4 көлеміндегі фотосурет.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version