Home Редакция таңдауы Биыл мектеп бітіруші 133 мың түлекке 34 мыңнан астам грант бөлінді

Биыл мектеп бітіруші 133 мың түлекке 34 мыңнан астам грант бөлінді

0

Мектеп бітіруші түлек 133 мың, ҰБТ тапсыратыны 92 мың түлек, оларға арналған грант саны 34 мыңнан асады.

Бүгін маусымның 2-сінен бастап Қазақстан мектептерінің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға кіріседі. Биылғы жылы мектепті 133 мың түлек тәмамдады, оның 92 мыңы, яғни 70 пайызы тіркелді. Оның 64 мыңы қазақ тілінде және 28 мың орыс тілінде тест тапсырады.
2014 жылы ҰБТ арнайы жабдықталған 155 орында 2 мен 8 маусым аралығында өтеді. Оның 48-і қалалардағы жоғары оқу орындарында, қалғандары аудан орталықтарында өтеді.
Тестілеу бес пән: математика, туған тілі (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептер үшін) немесе орыс тілі (қазақ тілді мектептер үшін), таңдаған пәні (география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шетел тілі жіне т.б.) бойынша жүргізіледі.
ҰБТ еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан 155 пункте өтеді, оған 92 077 түлек қатыспақшы.
ҰБТ-ның бірінші күні 61 ҰБТ орындарында 27 670 түлек бағын сынайтын болады.
ҚР БҒМ ақпараты бойынша, биылғы жылы мемлекеттiк тапсырыс Қазақстан экономикасының сұранысына мейлiнше сай жасалды.
«Негiзгi көңiл елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына аударылды. Бұл, ең алдымен, Мемлекет басшысы жария еткен үдемелi индустрияландыру бағыты. Бiлiм беру саласын жаңғырту мақсатында мемлекеттiк тапсырыстың iшiнде педагогикалық мамандарды даярлауға да үлкен орын берiлген. Сонымен қатар елдiң агроөнеркәсiптiк кешенi де назардан тыс қалған жоқ», – деп атап өтті ведомство өкілдері.
«Жалпы 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысқа 34 115 бiлiм гранты бөлiндi», – дейдi министрлiктің бапасөз қызметі.
Министрлiктiң мәлiметi бойынша, 12 мың орын техникалық ғылым және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңнан астам грант – педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға бөлiнiп отыр.
«Биылғы мемлекеттiк тапсырыстың үлестiрiлуi еңбек нарығына арналған жоғары бiлiктi мамандықтардың тиiмдi құрылымын жасақтауға септiгiн тигiзедi», – деп мәлімдеді министрліктің жауапты қызыметкерлері.
Айта кетейік, Астана қаласында ҰБТ Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университет және Қазақ гуманитарлық заң университетінің негізінде өтеді.

kazbilim.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version