16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Бірінші сыныпқа баратын оқушылар үшін құжат қабылдау қашан басталады?

Бірінші сыныпқа баратындар үшін құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

&Балаларды мектепке қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы 564 бұйрығымен бекітілген оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалған. 1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Осы орайда мынадай құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы) және 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.

«Құжаттарды қабылдау биылғы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі», — деді Г. Кәрімова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бірнеше жыл бойы құжаттарды және балаларды мектепке қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. 1-сыныпқа қабылдау электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өңірлердегі білім басқармалары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналар арасында балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қосымша жүргізетін болады.

Оның айтуынша, биыл бірінші сыныпқа 420 мың бүлдіршін барады деп ескерілген. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда жоғары.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...