19 C
Нур-Султан
26.09.2022

Еліміздегі ағылшын тілі оқулығының авторы елордада мұғалімдермен кездесті

Қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулығының авторы Боб Оби бүгін елордада мұғалімдермен кездесті.

Тәлімгерлік семинар өткізуге арнайы шақырылған мейман қазақстандық ұстаздардың шет тілін меңгеру деңгейі жоғары дейді.

Физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер әдістемелік құрал құрастырушылармен пікір алмасты.

Ұлыбритания тумасы Қазақастандағы ағылшын тілі оқулықтарының авторы Боб Оби: «- Мен осы жерде кездескен мұғалімдердің барлығы шетелдегі мектептерде сабақ бере алады. Тілді меңгеру жағынан олардың біліктілігі жеткілікті. Нәтижелеріне көңілім толады. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп жатқаны көрінеді».-дейді.

Дәріске ел бойынша жыл сайын мыңға жуық мұғалім қатысса, жалпы саны 12 мың ұстаз бүгінге дейін ағылшын тілінде білімін тереңдетті. Солардың бірі Степногор қаласынан келген Вероника Щербина. Ол оқушыларға биология пәнін ағылшын тілінде үйретеді. Ол төрт жыл ішінде шәкірттерінің шет тілге қызығушылығы еселеп артқанын, көп мұғалім кәсіби деңгейін арттыру үшін осында келетінін айтады.

Айта кетейік, Степногор қаласындағы 22 мектептің 16-сында жекелеген пәндер тек ағылшын тілінде өтеді. Олардың барлығында ұзақ жыл тәжірибе жинақтаған пән мұғалімдері сабақ береді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. «Балаларды қауіпсіз...

Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс...

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...