Home Жаңалық Асхат Аймағамбетов «Кітапқа құштар мектеп» жобасын іске асырудағы кемшіліктерді атады

Асхат Аймағамбетов «Кітапқа құштар мектеп» жобасын іске асырудағы кемшіліктерді атады

4

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Кітапқа құштар мектеп» жобасын іске асырудағы кемшіліктерді атады.

«Кітап оқу мәдениетін қалыптасыру, жалпы оқу сауаттылығын арттыру – біз үшін үлкен міндет. Осы бағытта «Кітапқа құштар мектеп» жобасын іске асырып жатырмыз. Әрине, жоққа шығаруға болмайды, жақсы өзгерістер бар. Қазіргі уақытта кітапханалардың балаларға қажетті әдебиеттермен толықтырылуы дұрыс. 400-ден астам әртүрлі коворкинг орталықтарының ашылуы, кітапханашылардың жаңа форматта жұмыс істей бастауы, оқырмандардың көбеюі қуантады. Бірақ, әлі де шешілмей жатқан мәселе баршылық. Оған да назарларыңызды аудартамын. Оның ішінде барлық өңірде бірдей жоғары деңгейде осы жоба іске асып жатқан жоқ. Әсіресе, елордамызда, Ақмола облысында, басқа да өңірлерде бұл жоба өте төмен деңгейде іске асырылып жатыр», – деді Асхат Аймағамбетов бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында.

Сонықтан министр облыстардың білім басқармалары, мектеп директорлары «Кітапқа құштар мектеп» жобасын тиісті деңгейде ұйымдастыруы қажеттігін баса айтты.

«Күн сайын 20 минут кітап оқу мәселесін де биыл арнайы енгізгенбіз. Коворкинг форматында жұмыс ұйымдастыру, кітапханашылардың жұмысын жаңа форматта ұйымдастыру, басқа да бағытта жұмыс жүргізілуі керек. Бірақ, бүгінде осы мәселелерге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей жатыр. Анау күні бір мектепке барып, кітапханасын қарадым. Кітапханаға кіріп келгенде балаларға арналған кітаптар тұруы керек. Бірақ, оның орнына балаларға қызықты емес туындылар қойған. Сонда басты бағыттың, міндеттің өзін ешкім түсінбегені ғой. Сатып алынған кітаптардың өзін қарасақ, қажет емес. Мүмкін қажет те шығар. Бірақ, осындай кітаптардың қажет емес көлемін сатып алған. Өте күрделі. Әйтеуір кітап сатып алу керек деп, ойына келген кітапты сатып алудың қажеті жоқ. Тиісті тізім, мектеп бағдарламасы бар. Сол бағдарламаға сай сатып алу керек», – деді ол.

Осы ретте Асхат Аймағамбетов барлық өңірлерге 2 апта ішінде мектеп кітапханаларындағы әдеби кітаптарға талдама жүргізіп, есеп беруді тапсырды.

«Сол есептің нәтижесі бойынша тиісті шара қабылдаймыз. Қажет болса, орындарынан босату керек. Кітап оқыу мәдениетін, сауаттылығын арттырамыз деп жатсақ, кейбір әріптестеріміз мұны түсінбесе, онда олар ары қарай жұмысын жалғастырмауы керек. Бұл біз, Мемлекет басшысы айтпай-ақ әр адамның, әр қызметшінің күнделікті жұмысы», – деді министр.

 

4 COMMENTS

  1. Кітап оқуға қызықтыру – бұл бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі, алайда қандай жолмен қызықтыру деген проблема ол ең басты проблема. Себебі қызықтыру методикасы, оқитын кітаптың тематикасы, олардың жастардың жас ерекшеліктеріне және талғамына сәйкес келетін әдебиеттердің сатылуда болуы маңызды проблемалардың бірі ретінде есепке алынуы керек. Мұны айтып отырған себебім Асхат Аймағанбетов мырза мектептердің кітапханаларын көргенде мектепке сатып алынған кітаптар тематикасына көңілі толмағандығын білдіріпті. Оған қосылуға болады, бірақ сатылымға шығарылған кітаптар тақырыптары қазіргі жастардың талғамына сәйкес келу келмеуі бұл нәтижеге жететін, немесе жетелейтін басты факторлардың бірі екеніне ешкімнің таласы жоқ шығар деп ойлаймын. Сондықтан мұндай бастаманы көтермес бұрын оқушылардың қызығушылығын зерделеп соған сәйкес балалар әдебиетіне конкурс жариялау керек сияқты

  2. Әр бала өзінін сүйіп турған кітабін келіп оқиды .Кітапханашылар шамамыз келгенше сол кітапты тауып беруге тырысамыз .Барлық кітапханашы өзінін орнында әр кітапты тани біледі.Сондыктан жоқ болып жатса интернет желісінен OK- кодымен к_ітап тауып береміз

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Қарағанды облысы.

    Биыл Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай түрлі шаралар өткізілу жоспарлары келген. Осыған байланысты өзім жұмыс істейтін мектептің кітапханасынан кітабын іздестірдім. Ақынның бір де бір кітабы жоқ болып шықты. Аты дардай осындай бос шулатқан тойлардың керегі жоқ шығар, мүмкін. Оған бөлінетін мол қаражатты мектептерді қажетті кітаппен қамтамасыз етуге жұмсасақ дұрыс болар еді.

  4. Сәлеметсіз бе Мырза ауылды жерлерде китап деген типтен аз ақша болинседе әдебиет китаптар мүлдем жоқ типті оқулық тардың оздери жетпейди сонымен қоймай бизде талап ете сиз китапханага жағдай жасап берсениз болмайды ма өз калтамыздан қашанғы тиын шығарып көркемдеймиз

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version