13 C
Нур-Султан
06.10.2022

Қоғамның дамуы – техникалық білімде

Қарбаласқа толы 2022 жыл соңғы отыз жылда тұйықталып қалған мәселелердің түйінін тарқатты. Қақаған қаңтарда қатқыл ойларын ашық айта бастаған қарапайым халық қымбатшылық пен жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық пен жалақының төмендігі сияқты мәселелерді көтерді. «Халық айтса, қалып айтпайтынын» түсінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үсті-үстіне үндеулер жасап, экономикалық дамуға бағытталған бағдарламаларын жариялады. Арнайы мемлекеттік комиссиялар құрылып, белгілі бір уақыт шеңберіне дейін өз жұмыстарының нәтижелерін көрсететін тапсырмалар алды.

Мемлекет басшысы ұсын­ған тапсырмалардың ең маңыздыла­ры­ның бірі – білім беру жүйесін реформалау. Президенттің ал­дағы жылдары «Қазақстанда бес шетелдік жоғары оқу орындары­ның филиалдары ашылсын» де­ген нақты тапсырмасына сәй­кес ақпарат құралдарында, ғалым­дар­дың арасында түрлі тал­қы­лау­лар болып жатыр. Елде­гі бі­лім саласының дамуын, техни­ка­лық жағынан нығаюын арттыру үшін жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікке жол ашу қажет.

Алдағы «2025 жылға дейін Қа­зақстанда кем дегенде танымал бес университеттің филиалы ашылуы тиіс. Оның екеуі Батыс өңірде орналасқаны жөн», деді Қ.Тоқаев. Бұл ретте үш тех­ни­­калық жоғары оқу орнын аш­сақ та үлкен жетістік болар еді, қалған екі оқу орнының біреуі ауыл шаруашылығы бойынша, екін­шісі медициналық оқу орны болса деген ұсыныс және бар. Елі­­міздегі тұралап қалған бұл са­ла­ларды да қосымша дамыту бү­гінгі таңда заман талабы болып отыр.

Екі техникалық жоғары оқу ор­ны батыста орналасқан төрт об­лыстан сұранысқа қарай ашылсын делік. Бір техникалық жоғары оқу орны «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі немесе Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі» бағытында Түр­кістан, Жамбыл, Шымкент ай­мақтарының қалыптасқан сұ­ранысына сай ашылса екен. Себебі Жамбыл облысында бұрыннан материалдық-техникалық ғылы­ми базасы қалыптасқан Жамбыл жеңіл және тоқыма өнеркәсібі институты болған. Әрі облыста тері өңдейтін зауыттар мен одан дайын бұйым жасайтын фабрикалар, кішігірім цехтар осы күндері жұмыс істейді. Төрт түліктен алы­на­­тын жүн талшығынан да­йын бұйым жасайтын зауыттардың да басым бөлігі Жамбылда орна­ласқан.

Шымкент қаласында соң­ғы үлгідегі технологиямен жаб­дық­талған тоқыма фабрикала­ры жұмыс істеп тұр. Оның үс­тіне М.Әуезов атындағы Оңтүс­тік Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің «Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі» факультетінде 2 мың­ға тарта студент білім алу­да. Қаладағы тоқыма фабрика­ла­рының кеңеюіне байланысты бо­лашақта бұл саланың мамандарын қажет ететіні сөзсіз.

Түркістан облысында халық тығыз орналасқан, туу көрсеткіші өте жоғары, халықтың тұтыну қа­жеттілігі күн өскен сайын ұл­ғаюда. Климаттық жағдайы көрші­лес Өзбекстанмен бірдей бол­ғандықтан, шитті-мақта тал­шығы елімізде Түркістан облысында ғана егіледі. Ауыл ша­руа­шылығы министрлігінің шитті-мақтаға берілетін субсидияны азайтудың себебінен жыл сайынғы өнім көрсеткіші төмендеуде. Бұған негізгі факторлар суармалы жерлердің азаюы, топырақтың құнарсыздануы, шаруалардың сұранысқа сай басқа да дақылдарды егуінде. Биыл елімізде 320 мың тоннаға жуық шитті-мақта жиналды. Орташа өнімділік гектарына 25 центнерді құрады. Бұл өнім көрсеткіші – аз да болса отандық ғылымның жетістігі.

Жоғарыда аталған мәселелер­ді ескере келе, жаңадан құрыл­ған Түркістан облысының орталы­ғынан «Жеңіл және тоқыма өнер­кәсібі немесе Жеңіл және та­мақ өнеркәсібі» университетін неге ашпасқа? Себебі мұнда бай тәжірибе, шикізат, ғылыми әлеует бар. Халықтың өнімді тұ­тыну көрсеткіші өте жоғары. Елімізде ішкі өндірілетін азық-түлік өнімдерінің 57%-ы осы оңтүстік облыстарға тән.

Шитті-мақта мен табиғи жүн­нен, химиялық талшықтардан, теріден дайын бұйым жасап, оны экспортқа шығару ел экономикасына қыруар пайда әкелері сөзсіз. Ал шикізат күйінде сату елді прогреске әкелмейді. Азық-түлік өнімдері де дәл солай. Елімізге аса қажет болғандықтан өзімізде технар мамандар да­яр­лап, шикізатты өзімізде өңдеп на­рыққа шығарар болсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Адам баласы тәуліктің 24 са­ғатының кемі 15 сағатында киім киеді, күніне төрт-бес мәрте тамақтанады. Бұл екі үрдіс – адамзат баласы жаратылғалы тоқ­­тамай келе жатқан дүние. «Адам көркі – шүберек» деген­дей үстімізге киіп жүрген киімнің сапасына мән бермейміз, керісінше сәніне ғана қараймыз. Сол киімнің матасы қандай, қайда тоқылған, қайда тігілген – бұған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Сонымен қатар ауру астан келетінін де ұмытпаған жөн. Құ­рамы табиғи калорияға бай, адам денсаулығына зиянсыз азық-түлікті тұтыну да бара-ба­ра қол жетпес арман болып ба­рады. Сапасыз дайындалған астан уланудың нәтижесінде адам­заттың денсаулығы күн сайын төмендеуде.

Аталған мәселелер бойынша үкіметтік деңгейде мемлекеттік комиссия жедел түрде құрылып, құрамына ғалым, өндіріс пен жаңа технологияны білетін мамандар енсе екен. Алдағы 2022-2023 оқу жылында жоғарыда аталған техникалық оқу орны ашылар болса, атқарылған жұмыстардың нәтижесі жарқырай көрінер еді. Еліміздің дамуына бағытталған істердің қайыры көп болғай.

Сүндет КӘРІМОВ

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Техникалық білім дегенде менің ойым қазақтарды физика-техникалық, ядролық физика, мұнай өңдеу және өнімдерін шығару, машина құрылысы салалары мен İT технологиясы т. б. жалпы техниканың барлық салаларына арнап мамандар шығарып керек десе алыс жақын шетелдерде оқытып тәжірибе алмасуға көңіл аударса деген ойым еді. Кейбір азаматтар бұндай мамандарды шығарғанмен жұмысқа орналасу қиыншылығымен байланыстыратын шығар, бірақ одан қорқудың керегі жоқ. Келешекте біздің қазақстан индустрилизация ісіне шындап кірісу керек. Индустрилизация мемлекет өсуінің сенімді көрсеткіші. Индустрилизациясыз өсу жоқ!

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...