31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Қазақстанда жекеменшік мектептердің саны қанша?

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру аясында жекеменшік мектептерді салуға қатысты түсінік берді.

«Бүгінгі күнде орта білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі – жүктемесі жоғары мемлекеттік мектептерге деген ауыртпалықты азайту, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін тартыста мектептер арасында бәсекелестікті дамыту. 2018 жылдан бастап жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі заңды түрде бекітілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінде жекеменшік мектептер үшін жан басына шаққандағы норматив айқындалды», — деді А. Ибаримов.

Әдістемеге сәйкес жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері екі компоненттен тұрады, олар:

— мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖМБС) іске асыруға арналған операциялық шығыстар. Жаңадан іске қосылатын жекеменшік мектептер үшін ағымдағы жылға норматив орташа есеппен 532 мың теңгені құрайды.

— жылына жаңадан енгізілген әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар:

— құрылыс жағдайында — 96 АЕК (294 мың теңге),

— реконструкция жасалған жағдайда — 47 АЕК. (143 мың теңге).

«Онымен қоса, инвестордың мектепте балаға жақсартылған жағдайларды ұсынғаны үшін ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар. Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін, нысан құрылыс салушының меншігінде қалады. Алайда, шарттарға сәйкес мектептің нысаналы мақсатын өзгертуге шектеу 20 жыл мерзімге тіркеледі», — деді орталық басшысы.

Жобаларға қатысу үшін капитал немесе қарыз қаражатын тартуға мүмкіндік, сондай-ақ жер учаскесі болу қажет.

«2019-2021 жылдары 287 жекеменшік мектеп (94 696 орындық) ашылды. Жалпы, елімізде жекеменшік мектептердің жалпы саны 408-ге жетті», — деді ол.

Өңірлер бойынша жекеменшік мектептерді ашуда көшбасшылар ретінде Түркістан облысы (56), Шымкент қаласы (52), Алматы қаласы (41), Нұр-Сұлтан қаласы (29), Жамбыл облысы (30), Алматы облысы (17), Қызылорда облысы (16), Маңғыстау облысы (14) және Ақтөбе облысы (8) болды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...