31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Қазіргі кезде 63 мыңға жуық студент жатақханадағы орынға мұқтаж

Елімізде студенттер үшін жатақханада 63 мыңнан астам орынды қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов айтты.

«Студенттік жатақханаларды салу және жаңғыртуға тоқталсақ, 2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын, солардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл процеске кезекті әлеуметтік нысанды тұрғызу ретінде емес, табысты, тұрақты және келешегі мол бизнес-жоба ретінде әлдеқайда ауқымды қарауды ұсынамын. Әрі осылай айтуға барлық алғышарттар бар», — деді А. Ибраимов.

Оның айтуынша, бұл тұрғыда жоғары сұраныс байқалып отыр. Өйткені, қазіргі кезде елімізде 63 мыңға жуық студент жатақханадағы орынға мұқтаж. Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлеріне тән қажеттілік. Алдағы уақытта студенттер контингенті өсетін болады. Әлбетте, бұл жағдай студенттік жатақханаларға деген сұраныстың артуына әсер етеді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...