Home Жаңалық ШҚО-да инклюзивті білім курсынан өткен мұғалімдер саны 40% артты

ШҚО-да инклюзивті білім курсынан өткен мұғалімдер саны 40% артты

0

Шығыс Қазақстан облысында инклюзивті білім курсынан өткен мұғалімдер саны 40%-ға артты.

ШҚО білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша ерекше білім беруді қажет ететін 15 мыңнан астам бала мен жасөспірім бар.

Инклюзивті білімді дамытудың өңірлік бағдарламасы іске қосылғалы бері мектептерде осындай оқушыларға тиісті жағдайлар жасалып келеді.

«Облыста осыған дейін 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті болған. Енді қосымша 4 кабинет ашылды. Білім ордаларында 75 инклюзивті қабинет жұмыс істеп тұр. Ерекше балаларды оқытуға 70 педагог-ассистент көмек көрсетеді», – делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстанда инклюзивті білім беру курсынан өткен мұғалімдер саны 1 пайыздан 41 пайызға дейін өскен.

Жалпы бүгінде барлығы 4300-ге жуық педагог біліктілігін арттырды.

Алдағы уақытта Курчатов қаласында, Алтай және Абай аудандарында тағы үш психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарланған.

Сондай-ақ Өскеменде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинетін ашу көзделіп отыр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version