Home Редакция таңдауы Шаһарды көріктендіруге оқушылар да үлес қосуда

Шаһарды көріктендіруге оқушылар да үлес қосуда

0

Шымкенттегі №89 мектептің оқушылары өсірген шырайгүл қала көшелеріне де отырғызыла бастады. Шәкірттер жылыжайда күтіп баптаған өсімдіктерін ардагерлер мен мүгедектер үйіне отырғызып беруге ниет білдірді. Осылайша, кәсіпкерлерге бәсекелес болған шәкірттер өз қолдарымен өсірген гүлдерінің сүйікті қалаларының шырайын кіргізіп тұрғанына дән риза.

Назерке сабақтан бос уақытында гүлдер үйірмесіне қатысады. Ол біраздан бері жылыжайда шырайгүлді өсіріп, оның жетілуін зерттеп жүр. Арнайы ғылыми жоба да әзірлеп жатыр екен. Жас ғалымның айтуынша, өсімдіктің бұл түрі ыстыққа төзімді. Тыңайтқышты да көп қажет етпейді. Тек уақытында суғарып тұрса болғаны.

Назерке Құлмаханбетова, Оқушы:
— Біз оған қажетті ауа температурасын зерттейміз жылыжайды. Және оған су құйып тұрамыз. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да мұрыныңызды жарардай хош иісі тұрғысынан теңдесі жоқ десем қателеспеймін.

Шағын ғана жылыжайда гүлдермен қатар, қызанақ қызарып, түрлі өсімдіктер жайқалып тұр. Бұл — ұстаздардың оқушыларымен бірлесіп атқарған еңбегінің жемісі. Шәкірттер әрбір өсімдіктің ерекшеліктер мен олардың емдік қасиеттерін зерттейді.

Базаркүл Жабаева, География пәнінің мұғалімі:
— Бұл гүлдің ерекшеліктері басқа гүлге қарағанда ерте көктемде гүлдегенімен, қара күзге дейін гүлдеп тұрады. Бұның бір гүлі жабылған соң екінші үшінші гүлдері жандарынан жаншақтары шығып, гүлдерін көбейте береді.

Мектепте үздіксіз экологиялық білім жүйесі қалыптасқан. Шәкірттер жаз уақтында да жылжайға келіп, ғылыми жұмыстармен айналысады. Мектеп ауласындағы тал-дарақтарды өздері өсірген. Күтіп-баптау да мойындарында. Білім ұясында жасақталатын жазғы лагерлерді де өздері гүлмен әрлейді. Үстіміздегі жылы қала бойынша 1 миллион түп гүл көшетін отырғызу жоспарланса, қазір білім ұясының жылыжайында 23 мың түп көшет дайын тұр.

хабар теларнасы

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version