19 C
Нур-Султан
26.09.2022

Мектептерде математика оқушыларды топқа бөліп оқытылмақ — министр

Мектептерде математика пәні оқушыларды екі топқа бөліп оқытылмақ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты .

«Мемлекет басшысы техникалық мамандарды дайындау бойынша тапсырма берді. Осы тапсырманы орындауға математикалық білімді дамыту өз септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан біз біріншіден, матаматиканы мектептерде топқа бөліп оқыту мәселесін қарастырып, ұсынып, оны енгізуге дайындалып жатырмыз.

Екіншіден, технология, еңбекке баулу мәселесі де өте маңызды. Сол себепті бұл пәнді де бөліп оқыту керек. Кезінде солай болған. Енді сол тәртіпке қайтып келуіміз қажет», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің дерегінше, биыл 200 мектеп салынып, 2 мың пәндік кабинет сатып алынады. 300 балабақша ашылады.

«Білім беру статистикасын ашамыз. Бізде Ұлттық білім беру деректер базасы деген бар. Жеке деректерден басқа барлық деректерді ашуымыз керек. Әрине, статистиканы ашқанда да ол кезең-кезеңмен істелетін жұмыс. Дегенмен, бұл статистика барлық қоғамға ашық, түсінікті болуы керек. Қоғамның бақылауы болуы қажет», — деді ол.

 

-ЖАРНАМА-

72 КОММЕНТАРИИ

  1. Өте дұрыс шешім, баяғыдан солай болу керек
    еді, математика пәнінің мұғалімдерінің сапасына да көңіл бөлу керек. Оқушылар нашар меңгеретін тақырыптарға, әсіресе5ші сыныптағы»Жай бөлшектер, ондық бөлшектер», жоғарғы сыныптағы»Тригонометрия»тақырыптарыына сағат санын көбейту керек. Мектептегі процент қууды доғару керек, 60—70:% сапа беру керек деп өтірік бағалар қойылады, «2:’бағасы қойылмай—ақ қойсын,» тыңдалды»деп жазыла салса, меңгермеген балаға, 70—80жылдарда»2:’алған оқушымыз бірдемені білуші еді, қазіргі «5» ке оқыған оқушының білімі көңілден шықпайды.

  2. 1. Өте дұрыс бүкіл білімнің фундаменті математикалық білімге негізделеді.
    2. Физика ,химия, информатикананың зертханаларын толық жабдықтап зертханалық жұмыстарды күнделікті жүргізетіндей болуы керек. Бүкіл технологияның бәрі осы пәндерге байланысты. Өндірістің негізі де осы пәндер.

    • Физика, химия, Геометрия, математикадағы теориялық білімдерін, тәжірибе жүзінде Технология сабағында іске асырып көре алады және ғылыми жоба кез келген проектердің бәрінде еңбекке қатысты заттар жасалады. Баланың қолы іске икемді болса, логикасыда мықты әрі кез келген макеттік жобаны құрастыру, жонып жасау т.б. баланың өміріне қатысты көптеген заттарды үйрене алады. Болашақта осы Технология сабағын дамытуды сұраймыз

  3. Дұрыс. Сонымен қатар денешынықтыру пәнін де бастауыштан бастап гендерлік бөлу керек. Қыз балаларға әйел адам бергені дұрыс.

  4. Дұрыс болды. Математика пәні барлық нақты пәндердің фундаменті. Ал өзін- өзі тану пәнін бөліп оқытуды тоқтату керек

  5. Өте орынды деп ойлаймын, аталған пəндердің қажеттілігі күнделікті өмірден белгілі.Барлық жұмыстарды орындау, үйрену, дағдылануға технологияны бөліп оқыту өз маңыздылығын көрсетеді деп түсінемін.

  6. Математиканы топқа бөліп оқыту маңызды деп ойлаймын. Баланың бойына математикалық білімін қалыптастырмай басқа пәндерді игеру екіталай. Математика біздің барлық өмірімізде бар. Математика ғылымдардың патшайымы деп бекер айтылмаған. Адамдар осы пән бойынша білімді күнделікті кәсіби мәселелерді шешу барысында ғана емес, өмірде де қолданады. Мен министрді жүз пайызға қолдар едім.

  7. Неге математиканы топқа бөліп оқытпайды екен, орыс тілі одан маңызды ма? Болмаса оны қорытынды аттестаттаудағы, ҰБТдағы негізгі пәндер тізімінен алып тастау керек деп өз арамызда бір-бірімізге мұңымызды айтып қоятынбыз. Дұрыс шешім, екі қолымызды көтеріп келісеміз!!!

  8. Ия дұрыс ағылшын, орыс тілдерін 3 сыныптан бастасақ жақсы болар еді 1,2 сыныптарда математика мен сауат ашуды бөліп өтсе жақсы болар еді өте дұрыс істеп жатырсыз Асхат мырза мен қолдаймын сізді

    • Дұрыс, келісемін. Сонымен қоса мемлекеттік тіл қазақ тіліне де назар аударылса. Барлық пән негізі ана тілімізден бастау алатындықтан, қазақ тілі сабақтарын да топқа бөліп оқыту керек. Сонымен бірге қазақ тілі әдебиетіне заманауи жабдықталған арнайы кабинет берілсе

  9. МЕНІҢ ОЙЫМША 9-СЫНЫПТАН КЕЙІН БЕЙІНДІ ПӘНДІ ТАҢДАУҒА ОҚУШЫҒА МҮМКІНДІК БЕРГЕН ДҰРЫС .КОЛЕДЖДЕ ОҚУДЫ КЕЙБІР МАМАНДЫҚТАРҒА МІНДЕТТІ ЕТУ КЕРЕК.ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҮШІН 2-КӘСІБИ СТАЖ ТАЛАП ЕТІЛСЕ.ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖОЙЫЛАДЫ. МЫСЫЛЫ МЕДИЦИНА.УАҚЫТ ҮНЕМДЕЛЕДІ.

  10. Математиканың апталық сағатын қысқартып тасталды, топқа бөлу мен қатар сағат санын қайтадан бұрынғыдай болса жақсы болар еді.

  11. Өзін өзі тану пәнін алып тастаңызшы «әдебиеттік оқу» емес «әдебиет» , «ана тілі» болу керек құрметті министр. Осы бурынгы окулыктар қайтарылсыншы, әліппе сияқты.

  12. Керемет, математикалык билим омирге бейимделу еп-дагдысвнын негизи, ойлау мен талдап саралаудын тур казыгы.

  13. Дұрыс-ақ. Бірақ оларды оқылатын білімді мұғалімдер жоқтың қасы. Білімділер элитаның мектептер алып қойған.

  14. Дұрыс , математика бөліп оқыту.
    Мектепте өзін өзі пәнінің бөліп оқытуы қажет емес . Ол сабақ бағаланбайды. Ол сабақты сынып жетекшілерге берсе деген ойым ғой. Өйткені сынып сағаты көбіне болмайды, ал өзін өзі сабағын сынып сағат ретінде өткізсе дұрыс болар еді.

  15. Өте дұрыс, бір сыныпта аз дегенде 25 оқушы отырады. Бәрін бірдей 45 минутта игеру мүмкін емес, орыс тілі мен ағылшынды оқытқанша, математиканы бөліп оқытқан әлдеқайда дұрысырақ.

    • Математикамен катар технологияны бөліп оқытуды айтсақ технология пәні мұғалімдерінің біліміне назар аударған жөн

  16. МИНИСТР Асхат Мырзаның Мектептегі математика сабағын топқа бөліп оқыту керек деген пікірі өте орынды. Осы орайда » Математика- барлық ғылымдар патшасы» екендігі ойға оралады.

  17. Білім сапасы 40 пайыздан төмен болмасын деген де бар.ҰБТ ға дайындықпен мектеп мұғалімдері айналыспасын мұғалімдердің басты міндеті негізгі білім стандартын орындау деген еді Асхат Аймағамбетов
    осыдан үш жыл бұрын вице министр кезінде.

  18. Білім сапасы 40 пайыздан төмен болмасын деген де бар.ҰБТ ға дайындықпен мектеп мұғалімдері айналыспасын мұғалімдердің басты міндеті негізгі білім стандартын орындау деген еді Асхат Аймағамбетов
    осыдан үш жыл бұрын вице министр кезінде.Ал білім мекемесін зерделеуге келген əріптестеріміз Асхат Аймағамбетовтің бұл пікірін ескермейді.Əр облыста жеке министр барма

  19. Сонмен қатар Музыка пәнін де сағатын көбейту керек.Музыка сабаға тек қана ән айтумен шектелмейді. Ол мәдениет,этика,эстетика т.б. сол сияқты адам баласына қажет құндылықтарға толы сабақ болып табылады.

  20. Өзін-өзі тану пәннің мүлдем қажеті жоқ Оның орнына физика математика информатика пәндері оқытылса дұрыс болар еді

  21. Добавить необходимо количество часов на физику,химию в 7- 11 классах, а та как же деление на группы

  22. Сәлем баршаңызға. Заңмен қабылданғаны құба құп.
    Бұл тәсіл «ұжымдық оқыту тәсілі» бұрыннан Қарағанды облысында қолданысқа енген. Қазіргі кезде Кейбір білім басшыларының әдістемені дұрыс қабылдай алмау, қаржыландыру мәселесіне басымдылық беріп математика мұғалімі мектеп директорына көп айлық алып кетті деген желеумен тоқтатылған . Білім сапасы алғы шарт. Ендеше топқа бөліп оқыту, жақсы жаңалықтар енгізу, қазіргі кезде аса қажет.

  23. Ата-ана ретінде айтарым Қазақ тілін де бөліп оқытса тілі өте ауыр бала түгілі үлкендер түсіне алмайдығо?!қалай экспертизадан өткен оқулықтар екен???осы пәнді зерттесе екен оқулық бала жасын ескеріп жазылмағанғо.

  24. Негізін бастауыштан бастау керек, бастауышта бөлініп оқытылса жақсы бооар еді. Білім- негізі бастауышта, ақ парақтай пәк балаларды сауаттандырамыз, мына заманда сауатсыз қалу деген мүлде жоқ.
    Дегенмен, соңғы 3 жылдықта ҰБТ пән мұғалімдеріне міндеттелмейді.Неге?
    Үйдегі ата- ана, қосымша білім беру т.б ықпалынан , алдындағы ұстаздың ықпалы оқушыға көп әсер етеді.Қаншама отбасы қосымша білім беруге қаражаты жетпейді.Өкінішті қаншама бала өзі ізденіп ҰБТ- ға дайындалады, бірақ нәтижесі…..
    Бұл менің жеке пікірім…

  25. Дұрыс шешім, бірақ қазірдің өзінде мектептерде математика пәнінің мұғалімдері жетіспейді, бұл проэкті кім іске асырады

  26. Правильное решение.Но хотелось бы ,чтобы и русский язык также делился. 17,19 учеников это много для обучения в казахской школе,а тем бөлее на селе.Тем бөлее что русский язык особенно необходим при изучении технических дисциплин.

  27. Оте дурыс! Бастауыш сыныпта орыс тилин болип окытпай, орнына казак тилин болип окыткан дурыс деп ой косамын. Ойткени балалар балабакшадан, отбасынан орысшага беим болып, оз тилине тусинбей келуде. Сондыктан 4 жыл алдык етуде . Казак тилин болсе, септиги мол болар еди

  28. Өте дұрыс. Физиканы да бөліп оқыту керек. Бізге инженерлер, техниктер керек. Колледждің балалары көбейту кестесінде білмей келеді.

  29. Әрине бәріне келісем деп айта алмаймын. Дегенмен дұрыс шешім, тіпті бұрынғы жүйені қайта орнына келтірсе, қүп болар еді, мынау баллдық системадан гөрі,
    Енді бір мәселе неге География пәнін қысқартып тастағаны жөнінде, қазір бала не оқып не үйренгенін өщі білмейді, тіпті жоғарғы сыныптарда, Геоинформатика, Геосаясат деген бөлімдер бар, бұның балаларға қажеті не? Саясат, информатика оны оқитын басқа пәндер бар емеспе? Бүрын жоғары сыныптар жеке мемлекеттерді алып толық ашатын еді қазір жоқ!
    Енді орта буынды алайық, Зерттеу әдістері деген бөлімдерден басталады, оның ішін ашып қалсаң тіпті енді, бұрын кітапта жеке материктер мен мұхиттарды оқитын едік, қазір тіпті бұл тақырыптар айтылмайды, оқушылар неше материк неше мұхит бар екенін білмейді!
    Осындай миға қонымсыз тақырыптарды қайта қарастырсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді!

  30. Химия пани осы биздин мемлекетимизге негизги керек пан емес сиякты. Химиясыз кандай биолог, биотехнологии, даригерлер шыкпак химиктерди койганда. Гуманитарлык багытындагы мектептерде 1 ак сагат аптасына, типти кейбир мектептер химияны факультативтик са.акка, немесе мулдем алып бастайды. Математикалык багыттагы мектептерде сагат саны аптасына 2-3 сагат, алайда математикалык багыттагы мектептер аз, копшилиги гуманитарлык. Есесине мектептерде озин ози танк топкапы болинип окытылады, гуманитарлык сабактар аптасына 5 сагаттан койылган.

  31. Химия пани осы биздин мемлекетимизге негизги керек пан емес сиякты. Химиясыз кандай биолог, биотехнологии, даригерлер шыкпак химиктерди койганда. Гуманитарлык багытындагы мектептерде 1 ак сагат аптасына, типти кейбир мектептер химияны шфакультативтик са.акка, немесе мулдем алып бастайды. Математикалык багыттагы мектептерде сагат саны аптасына 2-3 сагат, алайда математикалык багыттагы мектептер аз, копшилиги гуманитарлык. Есесине мектептерде озин ози танк топкапы болинип окытылады, гуманитарлык сабактар аптасына 5 сагаттан койылган.

  32. Химия және физика пәндерін де бөліп оқытса нұр үстіне нұр болар еді. Бітіруші оқушылар осы пәндерді таңдайды. Оқулыққа жоғары мектеп тақырыптарын қосқан берген сағаттар өзі не бәрі 2 сағат. Сабақ үстінде лабораториялық жұмысты алып жүру керек оған қанша уақыт кетеді. Осы аталған пәндердің сабағын арттыру қажет. Пандемия кезінде қанша медиктер тапшы болды сондықтан табиғи құбылыстарды зерттейтін, адамға пайдалы қайырымы бар пәндерге көңіл бөлсе екен деп ойлаймын

  33. Өте дұрыс шешім. Бастауыш сынып мұғалімі мін. Толығымен қолдаймын. Осы күнге дейін үлгермейтін оқушылармен жұмыс деп сыныпты бөліп оқытып келеміз.

  34. Ия дұрыс, бірақ сегізінші және тоғызыншы сыныпта сызу пәні оқытылуы қажет, өте қажет. Тек онбірінші сыныпқа жүруі өкінішті.

  35. Қазақ тілі пәнін бөліп оқытса дейміз, себебі негізгі пән, ұбт, емтихан, пилс,тимс, пиза секілді зерттеулерде де қазақ тілі қалмай келеді.

  36. Математикамен бірге физика, химия пәндерін де бөліп оқытса жақсы болар еді. Химия пәнінен жаңартылған оқыту басталғанға дейінгі бағдарлама өте жақсы болатын. Қазіргі бағдарламалар бойынша спиральды оқыту бойынша бір тақырыпты 7 класта басын оқып, жыл сайын сол тақырып бойынша мәліметтерді қосып оқыту тиімсіз болып отыр.

  37. Өте дұрыс шешім.Мен қолдаймын. Математиканы бөліп оқыту дұрыс. Физиканы да бөліп оқытуды қолға алса өте дұрыс болар еді. Қазіргі кезде техникалық мамандықтарға көп көңіл бөлініп жатыр.Мектепті бітіріп жатқан оқушылврдың басым көпшілігі физика мен математиканы таңдайды.Физика да күрделі пән. Оны 45 минуттың ішінде бврлық оқушыға менгерту қиын. Сондықтан физиканы да бөліп оқытуды қарастырса өте дұрыс болар еді.

  38. Саламатсыздарма
    Иә,білім негізі бастауышта дейміз.
    Қазақ тілі және математика пәндерін бастауыштан бастап бөліп оқытса өте дұрыс болар еді немесе бастауыш сыныпта бала санына шектеу қою керек.Әр сыныпта 15 баладан аспаса ,сонда білім сапасы артар еді

  39. Өте дұрыс шешім,ең бастысы мұғалімнің дипломына қарамау керек ,біліміне,шығармашвлығына ,тапқырлығына қарау керек.

  40. Өте дұрыс шешім.Мен бейнелеу және сызу пән мұғалімі болып жұмыс істеймін.Негізінде технология мен бейнелеу екі пәнді қосып,көркем еңбек деп бір сағат жасап қойған.Осы дұрыс па.Сызу пәні мен бейнелеу өнері бөлек болса деймін.Технология пәні бөлек болса бұл екі сала ғой.

  41. Бастауыш сыныптың математикасында бөліп оқыту қажет.20 оқушыға 45минутта түсіндіріп үлгере алмайсың.Топқа бөліп оқытсақ ,әр оқушымен жұмыс істеуге мүмкіншілік бар.

  42. Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Мектептегі білім мен тәрбие беру негізі бастауыш сыныптардан басталады.Мектептерде математиканы екі топқа емес, мен бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуға көңіл бөлуді қолдар едім

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

​Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін 515 автобус сатып алынады

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. «Балаларды қауіпсіз...

Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс...

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...